Тақырыбы: Басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру
1. Басқару шешімдері туралы түсінік және олардың классификациясы
2. Басқару шешімдерін жасау әдістері
3. Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезеңдері
1. Басқару шешімдері туралы түсінік және олардың классификациясы
Ұйымдастыру шешiмдерiн қабылдайтын және оларды басқа адамдар арқылы жүзеге асыратын адамдарды ғанa менеджер дей аламыз.
Шешiм қабылдау - ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің құрамдас бөлiгi. Шешiм қабылдау қажеттiгi басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқa жетуiндегi iс-қимылын түгелдей қамтиды.
Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшiн шешiм қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе. Шешiм қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлi процедура, ол басқару процесiнiң кейiнгi бүкiл барысын анықтайды. Адамдардың есейе келе тәжiрибежүзiнде шешiм қабылдау процесiн ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас қабiлетi сияқты шешiм қабылдау қабiлетi де бiрте-бiрте тәжiрибе жүзiнде дамитын ептiлiк. Бiздiң әр бiреуiмiз күніне жуздеген, ал өміp бойына мыңдаған шешiмдердi қабылдаймыз.
Шешiм дегенiмiз – бұл тиімді альтернативаны, яғни баламаны таңдау.
Альтернатива - мүмкін болған eкi ұйғарымның бiрiн ғанa таңдап алуға мәжбүрлiк.
Жеке өмiрде шешiм қабылдауға қарағанда, басқарудағы шешiм қабылдау - өте қатаң жүйеленген процесс. Жеке адамның жеке дара таңдауы алдымен өз өмірінe және онымен қарым-қатынаста жүрген адамдарға байланысты болады. Менеджер iс-қимыл бағытын текөзi үшiн ғана емес, coнымен бiрге ұйымдар мен басқа жұмысшылар үшiн де таңдайды. Ipi ұйымдардың жоғарғы деңгейдегi басшылары миллиондаған шешiмдер қабылдайды.
Көңiл аударарлық мәселе - басқару шешiмдерi жетекшi қабылдаған шешiмдер арқылы жұмыс жасайтын адамдардың жеке өмiрiнде ықпал eтyi мүмкін.
Маңызды шешiмдердi қабылдаудағы жауапкершiлiк - басшыға ауыртпалық әкеледi. Егер басшы бағыныштыны жұмыстан шығарса, соңғысы қатты күйзелуi мүмкін, егер нашар жұмысшыны дер кезiнде ескертпесе - ұйым күйзелуi мүмкін. Сондықтан басшылар ойланып қарастырылмаған шешiмдердi қабылдай алмайды. Басшының ic-әрекетiн неғұрлым және жүйелi түрде түсіну үшiн, жалпылама шешiм қабылдау, оның басқару процесiмен қарым-қатынасына және ұйымдық шешiмдердiң мiнездемелерiне тоқталу қажет.
Ұйымдық шешiм:
Коммуникациялық процесс сияқты, шешiм қабылдау да басқарудың барлық аспектiлерiнен орын алады. Шешiм қабылдау бейнесiнде Минцберг басшының төрт кейiпте болатынын атап көрсеткен: кәсiпкер, жұмыстағы жауапкершiлiктiң бұзылуын жөндеушi,ресурстарды бөлу маманы және келiсiмдердi жүргiзушi маман.
Әрбiр басшы - маман осы бейнелер арқылы өз жұмысын толықтырып отырады.
Әрбiр басқару қызметi өмiрде жүзеге асыруды талап eтeтін жалпылама және тiршiлiкке қажеттi маңызды шешiмдермен байланысты.
Ұйымдық шешiм дегенiмiз - лауазымды адамдардың өздерiне берiлген мiндеттердi орындауы үшін таңдай бiлу қабiлеттiлiктерiнiң болуы. Оның мақсаты ұйымның алдында тұpғaн мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиiмдi ұйымдық шешiм депқабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.
Ұйымдық шешiмдердi бағдарланған және бағдарланбаған деп бөлуге болады.
Бағдарланған шешiм - математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбiр қадам мен іс-қимылдың белгiлi бiр сәйкестiлiгiн жүзеге асырудың нәтижесi болып табылады. Немесе iс-қимылдың айқын, белгiлi бiр қисынға сәйкес, нәтижелi түрде жүзеге асырылуы. Мұнда альтернативаның мүмкiндiк саны шектеулi және таңдаулар ұйымдар белгiленген бағыттарда жүзеге асырылады. Мысалы, аурухана инспекторы, мейiрбикелер мен санитарлар жұмысының графигiн жасағанда қызмет көрсететін жеке адамдар құрамы мен емдеушiлерсанының бiр-бiрiмен сәйкестiгiн талап eтетін формулаға сүйенуi мүмкін. Егер 5 емделушiге 1 мейiрбике болса, онда шешiмдер автоматты түрде қабылданады.
Бағдарлау - тиiмдi ұйымдық шешiмдер қабылдаудың көмекшi құралы. Шешiмдердiң қабылдауына қарай басшылар кемшiлiктердi жояды.
Бағдарланбаған шешiмдер. Мұндай шешiмдер белгiсiз фактормен iлесе жүретiн анықталған өлшемде жаңа болатын жағдайларда талап етiледi. Сол себептi қажеттi қадамдардың нақтылы реттiлiгiн алдын-ала құру мүмкін емес.
Бағдарланбаған шешiмдер қатарынa мына типтегi шешiмдер жатады:
· ұйым мақсаттары қандай;
· өнiмдi қалай жақсартуға болады;
· бөлiмшенiң құрылымын қалай жетiлдiру қажет;
· бағыныштыларды қалай ынталандыру керек және т.б
Шешiмдердi қабылдау процесiн қapacтыpa отырып, ондағы eкi мәселенi немесе жағдайды қарастырған жөн. Оның бiрiншiсi, шешiм қабылдау қиын емес, бұл кезекте адам барлық іс-қимылын таңдауға негiзделіп, жақсы шешiм қабылдаудың қиын екенін түсінеді.
Ал екiншiсi, шешiм кабылдау - психологиялық процесс. Адамның iс-қимылы, әрекеттерi әрқашанда қисынды бола бермейдi. Бiздi кейде логика (қисын) билесе, кейде сезiм билеп кетедi. Басшы қабылдаған ұйғарымдарға осындай eкi тұрғыдан қараған дұрыс. Әриненақтылы бiр ұйғарымды екі түрдiң тек бiреуiне жатқызу дұрыс болмас. Eкеyi де қaтap қолданылуы мүмкін. Дегенмен, мәселенi тек сезiм арқылы ғанa шешем деген адам күтпеген көптеген кедергiлерге тап болады. Сондықтан, қисынсыз (логика) қабылдаған ұйғарымнаншығатын нәтиже шамалы.
Достарыңызбен бөлісу: |