Тақырыбы: Менеджменттегі коммуникация
1. Басқарудағы коммуникацияның ролі
2. Коммуникациялық процесс, оның кезеңдері мен элементтері
3. Жеке адам арасындағы және топтық коммуникациялар жолындағы кедергілер
4. Коммуникациялық тараулар
1. Басқарудағы коммуникацияның ролі
Кез-келген басқарушының қолындағы ең маңызды құралы - оның иелігіндегі ақпарат болып табылады. Басқарушы осы ақпаратты пайдалану және таратумен бірге кері байланыс көмегімен қарамағындағыларды ұйымдастырады және басқарады.
Коммуникация дегеніміз – басшының тиімді шешім қабылдауы үшін хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі.
Басқару қызметтерiнiң барлық түрлерiндегi ақпараттар, хабарлар, мәлiметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестерi деп аталады, әрбiр басшы өзi басқаратын ұйымның мақсатынa жетуi үшiн үш бейнеде көрiнедi және басқарудың 4 функциясынорындайды. Осы мақсатқа жету үшiн олар хабарлар, мәлiметтермен жұмыс жасайды және олар мансапқа тура ықпал етедi.
Ұйымдардағы коммуникациялық процестiң бiрнеше түрлерi бар:
1.Ұйым аралық және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастары, әрбiр ұйымдардағы қызметтер жөнiндегi жазбалар, телефон арқылы сөйлесу, кеңестер т.б, қарым-қатынастар байланыстырудың негiзгi көзi болып табылады,
2. Бөлiмшелер мен деңгей арасындағы байланыстар тік байланыс шеңберiнде жүргiзiледi.Ол хабарлар жоғары деңгейден төменгі деңгейге келiп түседi немесе бәсеңдеп түcyi мүмкін. Осы арқылы бағынышты деңгейлерге алдағы мiндеттер нақты тапсырмалар туралы хабарланады. Сонымен бiрге ұйымдарда төменнен жоғары көтерiлушi хабарларда болады. Мысалы, банк маманы жаңа iскe қосылған ЭВМ клиенттердi көп күттiретiнiн басшыға айтуы керек. Бұл байланыс әдетте есеп беру, ұсыныс жасау, түсініктеме хаттар жазутүрлерiнде жасалынады.
3. Бөлiмшелер арасындағы байланыстар ұйымда жоғарыдан төмен және төменнен жоғарыға хабарлар байланысы болып қана қоймай, сонымен бiрге көлденең байланыстарда болуы қажет. Көлденең қатынастар бөлiмшелердiң тепе-тең қалыптасуына әсер етедi.
4. Басшылар және бағыныштылар арасындағы байланыстарда жан-жақты және түрлi хабарлар, мақсаттарды белгiлеу, бiр нәpceнi ойлап табу және оның қорытындысы, бөлiмшелердiң мақсатқа жетулерi үшiн атсалысуы, тиiмдi жұмыс iстey үшiн талқылаулар жасау,қол жеткiзген тапсырмалар мен жетiстiктерi үшiн ынталандыру бағыныштар қабiлетiн дамыту және жетiлдiру оларды алдағы өзгерiстер жайлы хабардар ету т.б. арқылы ic-жүзiне асады.
5. Басшы мен жұмысшы топтар арасындағы байланыстарға қосымша басшы мен жұмысшы топтар арасындағы байланыстар қарастырылады. Бұл байланыс жалпы басшыларға топтардың тиiмдi жұмыс aтқаруы үшін қажет. Хабарлар мәлiметтер айналысы кезiнде топтардьң барлық мүшелерi қатынасатын болғандықтан, олар болашақтағы жұмыс мақсаттары, олардағы өзгерiстер мен жаңалықтар т.б. туралы өз ойларын ортаға салып бiр кiсiдей талдап шешiм қабылдайды.
6. Бейресми байланыстар. Бейресми байланыстар арнасы – сыбыс-қауесет таратушы арналары дел айтуға болады.
Дәл емес хабарлар мен мәлiметтер жиынтығы сыбыс-қауесет немесе сырттай естiп бiлген хабар-ошарлар деп аталады. Оларға мысалы: асхана, дәліздерде, көше, аулада т.б. жерлердегі сыбыс түрлнрі. Бұл сыбыстың 80-90% әрқашанда дәл деп танылады.
Бұл сыбыстар ұйымдарда төмендегiдей болуы мүмкін:
- жұмысқа кешiккендерi үшiн қолданылатын шара түрлерi;
- ұйым құрылымындағы өзгерiстер;
– басшылардың болашақтағы жоғарылауы немесе төмендеуі т.б.
2. Коммуникациялық процесс, оның кезеңдері мен элементтері
Коммуникация процесi дегенiмiз - eкi немесе одан да көп адамдар топтарының хабарлар, мәлiметтер т.б. алмасулары. Оның негiзгi мақсаты хабарлардың осы алмасуы үстiнде түсiнушiлiктi қалыптастыру болып табылады.
Хабарлар алмасу процесiнде мынадай негiзгi төрт элементтi қарастыру қажет:
1. Жөнелтушi, жiберушi - хабарларды жинақтап, өңдеп жiберушi адам;
2. Хабардар ету немесе жариялау - шартты түрде символдар арқылы берiлген хабар;
3. Арналар - хабарлардың берiлу құралдары;
4. Хабарды қабылдаушы -хабарлар арналған және оны өз бетiнше түсiндiретiн адам.
Хабар алмасу үстiнде хабарды жiберушi мен қабылдаушы арасында бiрнеше өзара байланыс кезеңдерi болады. Олардың мақсаты - хабарды құрастыру және оны қолдану үшiн eкi жақты да бастапқы идеяларын түciнетін және ортақтасатын арналары болады. Бұл өте қиын процесс, себебi әр кезеңде хабардың мағынасы бұзылуы немесе бiр жолата жоғалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |