4.2. Жобалардың әртүрлілігі мен жіктелуі
Негізгі жаттығу түрі бойынша[3, 21 б] жобалардың бірнеше түрі бар:
Зерттеушілік жоба. Оқушылар нақты сұрақтарға жауап алу үшін зерттеуді қолданады. Мұндай жобалар көбінде күрделі құрылымдалған болып келеді.
Ақпараттық жоба. Оқушылар белгіленген нақты бір тақырып бойынша ақпарат жинайды және бар ақпаратты талдайды. Олар басқаларға ақпарат беру үшін қолдануға болатын ақпаратты жинақтайды және қорытады.
Шығармашылық жоба. Оқушыларға шығармашылық тапсырманың қысқаша сипаттамасы ұсынылады (мысалы, газетке мақала жазу, сценарий жазу, бейне жазба түсіру). Оқушылар мұндай тапсырманы қалай орындау керектігін өздері таңдайды.
Жобалық-рөлдік ойын. Оқушыларға рөлдікойынбөлініпберіледі (мысалы, бизнес рөлдернемесеәдебикейіпкер). Ары қарайоқушыларжобаныорындайды, көбіндеөздерініңрөлдерінтоппенбіргеойнайды.
Тәжірибегебағдарланғанжоба. Жобаныңкүтілетіннәтижелеріоқушыларүшінжекеқызығушылығынтуғызатынжәне/немесеәлеуметтікмәні бар тақырыпболуымүмкін.
Қамтылатынпәндердің саны бойынша:Бірпән («дара жоба» деп те аталады);Пәнаралық.
Жобаныңкүтілетіннәтижелерібойынша[3, 22 б]:
Жоба жұмысының жазбаша қорытындысы (мысалы, есеп, эссе, тізімдеме, хат, газет мақаласы, альманах және т.б.);
Визуалды қорытынды (мысалы, альбом, жоспар, карта, сызбалық диаграмма, плакат, сурет, анимация және т.б.);
Ауызша қорытынды (мысалы, таныстырылым, пікірталастар, драма, жазба, видео және т.б.);
Өнім түріндегі қорытынды (мысалы, жобалау талабына сай өнім, 3D үлгі және т.б.)
Іс-шара түріндегі қорытынды (мысалы, көрме, еңбекті қорғау бойынша жоба, әлеуметтік жоба және т.б.).
Қатысушылардың саны бойынша:Жеке;жұптық;топтық;әртүрлі мектептерден/ мемлекеттерден қатысушыларды тарту арқылы іске асырылатын топтық (байланыстың электронды құралдарын пайдалану арқылы).
Жобаның ұзақтығы бойынша:қысқа мерзімді;орта мерзімді;ұзақ мерзімді.
Жоба жұмысын орындауды үйрету әдістемесі негізінен, ғылыми зерттеуге қатыстыруға негізделеді. Абрахам мен Миллардың (2008) терминологиясы бойынша, тәжірибе жүзінде тапсырмаларды орындауға оқушылардың «басы» да, «қолы» да қатыстырылуы керек; олар оқушының «бақыланатын нәтижелер саласы» мен «идеялар саласы» (экспериментке қатысты теориялық тұжырымдамалар) арасында байланыс орнатуда қолданатын қуатты құралы болуы тиіс. Мұндай көзқарас тұрғысынан ғылыми эксперимент оқушылардың танымдық дамуына ықпал етудің маңызды тәсілі болып табылады. Атап айтқанда, оқушылардың дамуына мүмкіндік беріледі – тек нақты ойлаудан (яғни тек өздері тікелей бақылау барысында сезіне алатынның мәнін ұғынудан) абстрактылы ойлауды қамтуға дейін (яғни олар тікелей сезіне алмайтын нәрселердің тұжырымдамалық моделін қалыптастыру) (Пиаже және Инхелдер, 1973).
Жоба жұмысын дайындау барысында топтық жұмысты қолдану идеясы бөлінген оқу қағидатына негізделген (Нарди, 1992), оған сәйкес оқушылар өз білімдері және түсініктерімен алмасып, бір-бірінің көмегімен білімдерін нығайтады. Олар өз түсініктерін ұсынады және сол түсініктерге негізделген өз болжамдарын ұсыну арқылы өздері де мәселені айқын түсіне алады, әсіресе, бұған сұрақтардың өз құрдастары тарапынанқойылуы зор ықпал етеді. Мұғалімнің рөлі ынталандырушы материалдар мен ресурстарды қолдана отырып, қажет болған жағдайда, оқушыларға мақсатқа сай қолдау көрсету болып табылады.
Командалық жұмыс және оқу мен тәрбиедегі бірлескен тәсіл тұрақты кері байланыспен және өзін-өзі бағамдау мүмкіндіктерімен қатар тәрбие үдерісін мектеп тәжірибесіндетабысты іске асыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |