Берілген сағат саны:Үйірмеге қатысушы сыныппен аудиториялық сағат аптасына 1 сағат, аудиториядан тыс сабақтар да жоспарланған (кітапхана, муражай, мұрағат, табиғатта т.б; жекелей оқушымен кеңестер т.б.).
Мектеп-лицей оқушыларының қажеттіліктерін ескере отырып, үйірмеге ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын орта буын оқушыларын (5сынып) қатыстыру жоспарланған.
Бағдарламаны жүзеге асыру уақыты:1 жыл.
Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.
Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігінигерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міңдеті болып саналады. Педагогтың басты міндеті - оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын меңгерту және ғылыми жобаларға дайындалу жолдарын үйрету.
Міндеттері:
ғылыми жобаны орындау бойынша жалпы ұсыныстарды беру, жоба мазмұнына қойылатын талаптарды үйрету;
жобаның құрылымы мен мазмұнын жазуды зерделеу;
оқушыларға әртүрлі ақпарат көздерін қосымша оқу, анықтамалық әдебиетпен, мәліметтердің электрондық базасымен, каталог, картотекамен өздігінен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын түру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.
Педагогикалык. үрдісте білім алушылардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекетгерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудьң маңызы зор.
Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.
Үйірме жұмысының бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.
Бағдарламаны табысты меңгерген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары:
Достарыңызбен бөлісу: |