Тақырыбы: ҒылымғА Қадам


Жоба әдісін қолдануға қойылатын негізгі талаптар



бет11/27
Дата24.04.2024
өлшемі3.31 Mb.
#499683
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Ғылым

4.3. Жоба әдісін қолдануға қойылатын негізгі талаптар
1. Зерттеу, шығармашылық тұрғыда маңызды, ықпалдастырылған білімді, оны шешу үшін зерттеушілік ізденісті (проблеманы зерттеу және т.б.) талап ететін проблеманың /міндеттің болуы.
2. Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңызы (мысалы, аталған өңірдің демографиялық жағдайы туралы, осы жағдайға әсерін тигізетін факторлар, осы проблеманы дамытуда қадағаланатын үдерістер туралы тиісті қызметтерге баяндама жасау; бірлесіп газет шығару, оқиға орнынан репортаж алып, альманах жасау; әртүрлі жерлерде орманды қорғау, іс-шаралар жоспары, т.б.);
3. Оқушылардың дербес (жеке, жұптық, топтық) іс-әрекеті.
4. Жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау (кезеңдік қорытындыларды көрсету арқылы).
5. Іс-қимылдың белгілі жүйелілігін көздейтін зерттеу әдістерін пайдалану:

    • проблеманы және одан туындайтын зерттеу міндеттерін анықтау («миға шабуыл», «дөңгелек үстел» әдісін бірлескен зерттеу барысында пайдалану);

    • оларды шешудің болжамды жолдарын шығару;

    • зерттеу әдістерін талқылау (статистикалық әдістер, эксперименттік, қадағалау және т.б.);

    • соңғы нәтижелерді ресімдеу тәсілдерін талқылау (таныстырылым қорғау, шығармашылық есеп, байқаулар және т.б.).

    • мәлімет жинау, оны жүйелендіру және талдау;

    • қорытынды шығару, нәтижелерін ресімдеу, оларды көрсету;

    • қорытынды жасау, зерттеудің жаңа проблемаларын қозғау[3, 23 б].



4.4.Жоба бойынша жұмыс жүргізудің кезеңдері
1. Дайындық кезеңі;
2. Диагностика және жобалау нысанын талдау. Проблема, жобаланатын нысанның күшті және әлсіз жақтары анықталады, қарама-қайшылықтар немесе сәйкессіздіктер айқындалады. Жобалау нысаны күрделі болған сайын, диагностикалық әдістемелерді, оларды қорыту мен талдауды кеңірек қолдану талап етіледі.
3. Шығармашылық топ құру;
4. Жұмыс қағидаттарын талқылау;
5. Мақсаттар мен міндеттерді белгілеу, топтық жұмысты жоспарлау – зерделенетін проблема бойынша алынған ақпаратты құрылымдау: зерттеудің теориялық негіздері, тәсілдері, қандай бағыттар бойынша кеңесу қажеттігі айқындалады.
6. Жобалауды теориялық тұрғыдан қамтамасыз ету. Бұл төмендегідей ақпарат іздеуді қамтиды:
а) педагогикалық жүйелер мен үдерістерге қатысты теориялық және эмпирикалық зерттеулер туралы;
б) осыған ұқсас жұмыстарды іске асыру тәжірибесі туралы;
в) осы сияқты нысандарды жобалау тәжірибесі туралы;
7. Жобалауды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету. Жобалау құралдарын жасауды қамтиды (сызбаларды, құжат үлгілерін әзірлеу және т.б.). Жобалау пішінін таңдау. Оның неше кезеңнен тұратынына байланысты, сонымен қатар, кез келген жобалау пішіні мақсатқа сай, педагог пен оқушының ерекшеліктеріне, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес келуі керек.
8. Жобалау. Барлық құрамдас бөлшектерінің өзара байланысының негізінде тұтас жобаны жасау үшін қажетті жүйе құраушы факторды таңдау. Жобаның мазмұнын әзірлеу жалпыға ортақ алгоритмді, яғни міндетті бөлімдердің тізбелерін және олардың құрылымын ескереотырып жүргізіледі.
9. Әзірленетін жобада тәрбие үдерісін ұйымдастыру нысандарының сипаттамасы.
10. Жобаның сапасын тексеру.
11. Жобамен жұмыс жүргізудің дербестігі. Жобаның өзектілігі, маңыздылығы, шешімнің ұйымдастырылуы[3, 24 б].

5.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ



  1. Ақпараттық жобалар

  1. Ұлы Жеңіске 75 жыл.

  2. Шығыс Қазақстандықтардың ерлігі.

  3. Патриотизімнің биік үлгісі – Қ.Нұрғалиев.

  4. Жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Т.Тоқтаров.

  5. Жерлесіміз, Халық қаҺарманы Қ.Қайсенов.

  6. Қазақстандықтардың Мәскеу шайқасында ерлік көрсетуі.

  7. Қазақстандықтардың Ленинград шайқасында ерлік көрсетуі

  8. Сталинград шайқасында ерлік көрсетуі.

  9. Қазақстаннан табылған алтын адамдар.

  10. «Ұлы даланың жеті қыры» бойынша тарихи фактілер ұсыну.

  1. Ғылыми жобалар

1. АБЖАД есебінің сыры.
2. Шежірелердің тарихи шындықты анықтаудағы маңызы.
3. Ұлттық идея контексіндегі Фарабитанушы Ақжан әл- Машани.

4. Ж.Ақбаевтың өмірі мен қызметі.
5. Әл Фараби мен Абай үндестігі.
6. Абайдың қарасөздерінің шындығы және Тәуелсіздік.
7. Әл Фарабидің симетрия туралы зерттеулері.
8.Абай шығармалары мен Елбасы еңбектерінің сабақтастығы.
9.Үржар абыз әйелі (алтын адам) сыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет