Тақырыбы: Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездердің физиологиясы



бет5/5
Дата21.09.2023
өлшемі36.24 Kb.
#478162
1   2   3   4   5
Бсэ 20 1 Толеушова Ж Срсп

4. Плацента
Плацента - ағзасында ұрықтың даму кезінде пайда болып, жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын арнайы мүше.
Плацентаның екі беті болады: аналық беті –децидуалды қабықшамен,ұрықтық беті – түкті хоионнан тұрады.
І Децидуалды қабықша: базалды, капсулалы бөліктерден тұрады.
А) базалды бөлігі плацента құрамына кіреді, ұрықты миометрийден бөліп тұрады.
Ә) капсулады бөлігі: жүктіліктің 18-куні капсулалы бөлік жатыр қуысына енген ұрықпен бірігіп, оны жатыр қуысынан бөліп тұрады.
Б) қабырғалық бөлігі мен децидуалды бөлік бездері қосылған кезде, бұл бөлік кішірейіп айырмашылық жоқ болады.
Бүрлі хорион. Үшінші қатардағы жақсы дамыған бүрлер, етті қабатына қараған жағы – бүрлі хорион құрайды, мұнда капиллярлы тамырлар көп. Бүрлер аналық тінмен қатты байланысып, отырады.Олардың аралық қатынасын мықтайды.
Қызметі: жүкті әйел мен ұрық арасындағы зат алмасу 3 ай плацента арқылы пассивті және активті түрде өтеді. Плацента арқылы ұрық организміне стероидты гормондар мен билирубин кеңінен өтеді.Жүктіліктің соңында жетілген плацентаныңдиаметрі – 20см, салмағы – 400-600 гр.Адамдағы плацентаның түрі гемохориалдық – ана мен бала қаны араласпайды. Ана мен бала қанын синцитий, Лангханс клеткалары, дәнекер ұлпаның стромасы, ұрық капиллярларының эндотелийі бөліп тұрады. Плацентадағы ағып өтетін вена тамырларындағы қан артериялық. Плацентада бірқатар гормондар түзіледі: хориалды гонадотропин, эстроген, прогестерон. Плацентаның әр түрлі заттарды өткізу қабілеті күшті. Әр түрлі эфирлік заттар, азот тотықтары, алкоголь, морфин, никотин, антибиотиктер, токсин, антиденелер плацента арқылы ұрық қанына өтеді. Кіндік бауекі артериядан, бір венадан құралған. Қанды ұрықтан плацентаға, плацентадан ұыққа жеткізеді. Кіндік бау арқылы жалпы қан ағу көлемі – 500мл/мин.
1. Плацента, кіндік бауының аномалиясы (ауытқуы)
А) плацента қосымша бөліктерімен. Плацентаның қосымша бөліктері, босанғаннан кейінгі кезеңде жатыр қуысында қалып, қан шығынын арттыруы мүмкін.
Ә) екі бөлікті плацента – екі бөліктен тұрады, арасы қан тамырлармен байланысқан.
Б) терезелі плацента – бөліктері жұқарған,бүрлі хорион жоқ.
В)жқұарған плацента – көлемі өте үлкен, эндометрийдің қабыну салдарынан (аборттан кейін) пайда болады.
2. Кіндік бау ұзындығы – 70-80см.
А) кіндік баудың түсуі – кіндіктің қынапқа түсуі салдарынан босану кезінде нәрестенің басы оны жаншып, нәресте асфиксияға ұшырайды.
Ә) кіндік баудың қысқаруы. Тұрақты қысқаруы – ұзындығы 40см-ден кем емес. Тұрақсыз қысқаруы –ұзындығы әдеттегідей,бірақ қысқаруы мойынға немесе денеге оралуынан.[4]


Қорытынды

Ағзадағы барлық жасушалар,ұлпалар мен мүшелер бір-бірімен байланысып, олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және эндокринді жүйе жолымен реттелуі көрсетілген. Эндокринді бездер ағзадағы барлық процесстерді реттеп отырады.Олар бір бірімен өте тығыз байланыста болады.Бірінің бұзылысы екіншісінің қызметінің бұзылысына әкеледі.Сондықтан өз уақытында денсаулыққа қараған жөн.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ж. Н. Нұрғалиев, С.Т Төлеуханов «Эндокриналогия» Алматы 2002ж 40б


2. Қ.С Рымжанов, И.М Төленбек «Адам және жануар физиологиясы» Алматы 2000ж 96 бет
3. Х.Қ Сәтбаева, Ж.Б Нілдібаева, Ө.А Өтепбергенов «Адам физиологиясы» Алматы 1995ж 89бет
4. Жандар Керімбектің Ермаханы «Тәнтану адам анатомиясы» Алматы 2004ж 43бет
5. Бейбітова Б, Саджитова А «Қант диабетіне қарсы күресейік» Алматы ақшамы 2004ж
6. Алшынбай Рақышов «Адам анатомиясы» Алматы 1995ж 5 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет