Тақырыбы: Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездердің физиологиясы



бет4/5
Дата21.09.2023
өлшемі36.24 Kb.
#478162
1   2   3   4   5
Бсэ 20 1 Толеушова Ж Срсп

Аналық жыныс бездері. Аналық жыныс бездері-жұп санды. Олар дененің жамбас бөлігінде, жатырдың екі жағын ала орналасқан. Бездің сыртқы бір қабатты эпителиальді клеткалардан тұратын қабықпен қоршалған. Без екі бөлімнен – қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатта көлемдері әр түрлі фолликулалар бар. Майдаларын примордиальдық немесе алғашқы жұмыртқа фолликулалары деп, іші сұйыққа толы ірілерін көпіршікті фолликулалар деп атайды. Фолликулаларда жыныс клеткасы (ovum) дамиды. Фолликулалар өсе келе көлемдері ұлғайып, бездің шетіне жақындай түседі. Фолликула мен бездің мембраналары өзара жанасқан кезде фолликула жарылады да жұмыртқа клеткасы босап шығады. Босап шыққан жұмыртқа клеткасы жатыр түтігі арқылы жатырға барып түседі. Бұл процесті овуляция деп атайды. Жарылған фолликуланың орнына сары дене түзіледі. Жұмыртқа клеткасы ұрықтанса сары дене ұзақ уақыт (босанғанға дейін) сақталады. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн қызмет етеді де кер дамуға ұшырайды. Фолликулалардың құрылысы мен гормондары. Аналық жыныс бездерінің құрылымдық және функционалдық негізі-жұмыртқа клеткасы пісіп-жетілетін фолликулалар. Сондықтан, фолликулалар-генеративтік және эндокриндік функцияларды біріктіретін материалдық субстрат. Фолликуланың қабырғасы бірнеше қабаттан тұрады. 2-3 қатардан тұратын ішкі эпителиальдық-клеткалар гранулездік зонаны құрайды. Бұл зона жұмыртқа клеткасының өсуі мен дамуына қолайлы жағдай туғызып, оны бір деңгейде ұстауда маңызды роль атқарады. Гранулезді қабаттан фолликуланың ішіне қарай томпақ өсінді-жұмыртқаклеткасы орналасқан дөңес пайда болады. Гранулезді қабаттан кейін безді-эпителиальді клеткалардан тұратын ішкі қабат (тека) орналасқан. Ол қан тамырларымен жақсы жабдықталған және жыныс гормондарын (эстрогендер) түзетін негізгі құрылым болып есептеледі.Қазіргі көзқарасқа сәйкес аденогипофизде түзілетін ЛГ қатысуымен фолликуланың безді-эпителиальді қабатында андрогендер түзіледі. Андрогендерқанға немесе безді қабаттың базальді мембранасы арқылы фолликуланың ішіне қарай өтуі мүмкін.
Жыныстық циклдер. «Жыныстық цикл» ұғымы екі процесті қамтиды: 1) овариальды цикл (циклді өзгерістер жыныс бездерінде жүреді); 2) менструальдық цикл (циклді өзгерістер жатырда жүреді). Жыныс бездерінде гонадотропты гормондардың әсерімен орта есеппен әрбір 27-28 күнде бір рет қайталанатын физиологииялық өзгерістер туындап отырады.[3]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет