Тақырыбы: Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездердің физиологиясы



бет3/5
Дата21.09.2023
өлшемі36.24 Kb.
#478162
1   2   3   4   5
Бсэ 20 1 Толеушова Ж Срсп

3.Жыныс бездері
Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Олар жыныс торшаларымен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмніңпісіп-жетілуін реттейді. Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналық гормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады. Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Нерв жүйесі жыныс бездерің қызметін рефлекстік жолмен гапофиздің гормон бөлу қабілетін өзгерту арқылы реттейді. Гипофиздің фолликуланы жандандырушы гормоны аналық организмде фолликуланың пісіп-жетілуін, ал аталық организмде — сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс гормондарының түзілуін, ал пролактин — сары денеде прогестеронның бөлінуін және сүттену процесін жандандырады. Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді. Жыныс бездері немесе гонадалар аралас функция-генеративтік және эндокриндік қызмет атақарады. Олардың генеративтік қызметі-сперматозоидтар мен аналық жұмыртқа клеткаларын жасау, ал эндокриндік функциялары-жыныс гормондарын синтездеу мен секрециялау.
Еркек жыныс бездері (аталық бездер). Еркек жыныс бездері жұп санды болып келеді және дене қуысынан тысқары орналасқан. Себебі, сперматогенздік процесс қалыпты жүру үшін температура 350С аспауы қажет. Эмбриогенездік даму барысында ұрық бездері дененің бел омыртқа тұсында пайда болып, кейіннен хориондыө гонадотропин гормонының қатысуымен сыртқы ортаға шығарылады. Еркек жыныс бездерінің қызметі гипофизға тәуелді екендігі туралы алғашқы мәліметтер 1920-1930 жылдарда қалыптасты. Мысалы, гипофизді алып тастағанда аталған бездер солып, олардың гормондарының организмге әсер кенет азайған. Ал, ондай жануарларға гонадотропты гормондар енгізгенде бездің қызметі бастапқы қалпына келген.
Бездің құрылысы. Тұқым бездері сыртынан серозды қабықпен қоршалған. Серозды қабықтың астында дәнекер тканьдерінен тұратын белокты қабық жатады. Белокты қабықтан ішке қарай дәнекер тканьді қатпарлы перделер тарайды. Олар без паренхимасын 100-ден 250-ге дейін жекеленген бөліктерге бөледі. Әр бөлікте 1-2 дейін ирек тұқым каналшалары орналасқан. Тұқым каналшалары Гойморов денесінен өткеннен кейін өзара қосылыса келіп, каналшалар торын құрайды да негізгі тұқым жолына барып ашылады.Безге қан қолқадан шығатын артерия тамырлары арқылы жеткізіледі. Қан тамырлары тұқым каналшаларының ішіне кірмей, олардың арасындағы кеңістіктерде орналасады. Каналшалар арасында жатқан қан тамырларының маңайында Лейдиг клеткалары топтасқан. Мұның физиологиялық мәні бар. Біріншіден, тұқым каналшаларынан Лейдиг клеткалары лимфаға толы кеңістік арқылы бөлінген. Бұл- гормонның клеткадан канлшаларға кедергісіз өтуіне қолайлы жағдай туғызады. Екіншіден, Лейдиг клеткаларында түзілген гормондар қанға тоқтаусыз өте алады. Еркек жыныс бездерінің құрылымдық және функционалдық бірлігі-тұқым каналшалары. Каналшалардың қабырғалары Сертоли клеткаларымен көмкерілген. Сертоли клеткаларының арасына сперматозоидтар түзетін сперматогенді клеткалар орналасқан. Сертоли клеткалары бір-біріне жақын жатады және өздерінің сүйір ұштарымен каналшалар ішіне, ал доғал жағымен мембрана сыртына бағытталған. Сертоли клеткалары бірнеше функциялар атқарады: 1) трофикалық қызметі, яғни каналшалар ішіне енген қоректік заттарды ұстапалып, жыныс клеткаларын қоректендіреді; 2) клеткалардың редукциялық бөліну процестерін активтендіретін жыныс гормондарын бөледі; 3) андрогендерді өзара байланыстырып тұратын белокті заттар синтездейді.
Организмге физиологиялық әсері. Андрогендер бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабатында да түзіледі. Олар жынысбездері пісіп- жетілмеген жас организмдерде үлкен роль атқарады. Организмнің жыныс бездері пісіп-жетілген кезден бастап олардың функциясы біршама бәсеңдейді, ал организм қартайған кезде олардың функциясы қайта жанданып, қыртысты қабат андрогендер түзетін бірден-бір мүшеге айналады. Организмнің эмбриональдық даму кезеңінде жыныс мүшелерінің жіктелуі мен одан арғы дамуы тестостерон гормонының тікелей қатысуымен жүреді. Андрогендер бірінші және екінші жыныстық белгілердің қалыптасуы мен дамуын реттейді. Егер жыныс бездері толық қалыптасып болмаған жануарларға андрогендік гормондар жіберсе, олардың жыныс мүшелері мен екінші жыныстық белгілері ерте пісіп-жетіледі. Андрогендер сперматозоидтардың дамуы мен пісіп-жетілуіне де үлкен әсер етеді. Гормондар жетіспеген жағдайда қалыпты сперматозоидтар түзілмейді. Андрогендер анаболизмдік гормондарға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет