Тақырыбы: Жалағаш ауданы бойынша 2017-2019 ж балаларда анықталған церебральді сал ауруларының кездесу жиілігі



бет6/15
Дата25.12.2023
өлшемі194.15 Kb.
#487911
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Церебральды сал ауруы бар балалардың даму ерекшеліктері

Сәби допта жатыр. Доп айналғанда баланың басы мен кеудесі алға қарай қозғалады. Сәби шынтақ буыны жазулы қолымен белсенді немесе белсенді- бәсең күйде алақанымен еденге тіреу керек.
Отырғанта қалыпта. Кеудені ашып бірқалыпты отырады, басын тік ұстайды. Сол колымен маңдайшадан ұстайды, оң қолымен белсенді немесе белсенді-бәсең алдындағы, жанындағы жүкке қарай созылады, оны алып бетіне қарай әкеледі.
Отырған қалыпта. Бас пен кеуде тіктелген. Бала сол қолымен арқаннан ұстайды, оң қолымен белсенді немесе белсенді-бәсең алдындағы, жанындағы, жоғарғы жағындағы ойыншыққа қарай созылады, ойыншықты алып бетіне карай әкеледі.
Авторлар тағыда бірқатар жаттығуларды мысалға келтіреді.
Жазуға үйрету ушін саусақтар мен білектің иілуі үлкен маңызға ие. Қалау, отырған қалыпта, иық бос төмен қарай түсіңкі, тоқпан жілік 90°-қа бүгілген, білек бүгілген қалыпта, саусақтар жұдырыққа түйілген. 2-3 минуттан соң калау бір мезгілде саусақ пен білектің бүгілуін жасайды.
Бобат-терапия. Әдістің мағынасы келесіде: «маңызды нүктелерге» әсер ете отырып, сонымен қатар ауытқыған қозғалыс стереотиптерін бакылай отырып, қалып және тепе-теңдік реакциясын дамыту керек Бұл «маңызды нүкетелер» бас, шүйде, кеуде бөлігі, бел және кеуде болып табылады.
В.Войт әдісі.
В.Войт Бобат әдісін толықтырып, оны жетілдіре түскен. Ол баланың басынан бастап аяғына дейінгі аралықты толықтай моторлы дамытуды ұсынды. Баланы алдымен басын көтеруге және ұстап тұруға, онан соң - төрт аяқтап өрмелеу, ары қарай - отыру, сосын - тұру, тізерлеп жүру, бір тіземен тұру, ақырында көтерілу және жүру.
В. М.Фелпс әдісі.
В. М.Фелпс емделушінің бұлшықет жаттығуларына epікті қатынас орнататын 13 қадам - ұсынысын жасаған. Келтірілген ұсыныстардың ерте жастағы немесе даму патенциалы төмен балалармен жұмыс жасауға бағытталмағандығы көрінеді.
1. Босаңсу. Босаңсу ретінде уқалау негізіндегі жеңіл массажды алуға болады.
2. Енжар қозғалыс. Бұл кезде бала қозғалысқа колдау да, қарсылық та білдірмейді. Жаттықтырушы қозғалысты баланың аяқ-қолының ұшына жасайды.
3. Көмек арқылы жүретін белсенді қозғалыс. Әрбір қозғалысқа сай көмек деңгейі бекітілген. Ең жоғарғы көмек өз бетінше жүруге арналған жаттығуларда көрсетіледі.
4. Еш көмексіз, бұлшықеттің күшінің әсерінен болған белсенді қозғалыс.
5. Қарсылық нәтижесінде болатын белсенді қозғалыс. Карсылық нәтижесінде пайда болған қозғлыс афферентацияны күшейтеді. Бұл жерде екі нұсқа қарастырылады: емделуші жаттығу орындайды жаттықтырушы қарсылық көрсетеді; жаттықтырушы жаттығу жасайды емделуші қарсылық көрсетеді.
6. Шартты (ерікті) қозғалыс. Бұйрық бойынша қозғалыс жасау. Бұл денгейге жету үшін барлық назар берілген бұйрықты дұрыс орындауға бағытталуы керек.
7. Қозғалысты автоматтандыру. Автоматтандырылған қозғалыс әлсіз бұлшықеттерді жаттықтыруға манызды. Әлсіз, бос бұлшықеттерді сақталған қалыпқа қарсылық көрсету арқылы жинақталуға мәжбүрлеу қажет.
8. Жинақталған қозғалыс. Қозғалысты басқа бір қимылмен бірге жасау. Бұл кезден бастап баланың өз мүмкіндігін кеңейтуге деген құлшынысы пайда болады.
9. Толық дем алу.
10. Дифференцияланған босаңсу. Кез келген бұлшықетті басқа бұлшықеттің қатаюына қарамастан босаңсыта білу.
11. Аяқ асты қозғалыс және босаңсу жағдайы.
12. Қалып пен тепе-теңдікті сақтау.
13. Қозғалыс біліктілігі мен білімі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет