Тақырыбы: Жалағаш ауданы бойынша 2017-2019 ж балаларда анықталған церебральді сал ауруларының кездесу жиілігі


Балалардағы сал ауруында қолданылатын реабилитациялық шаралар



бет5/15
Дата25.12.2023
өлшемі194.15 Kb.
#487911
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Церебральды сал ауруы бар балалардың даму ерекшеліктері

1.4. Балалардағы сал ауруында қолданылатын реабилитациялық шаралар.
Қалыптасқан медициналық көмектен басқа жүйе баланың өз шектелген мүмкіндіктерін жеңуге арналған жеке даму потенциалын қолдануды қарастырып жатыр. Бұл жүйе медициналық араласуды, баланы профилактикалық-диагностикалық бақылауды, сонымен қатар қажет жағдайда қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылысын болдырмау үшін хирургиялық араласу жолдарын (4-5 жастан кейін) қарастыруды жоққа шығармайды. Әлеуметтік-педагогикалық оңалту жүйесі Венгр Республикасында құрылып, осы елде кондуктивті педагогика ретінде мойындалды.
Кондуктивті педагогиканы 1945-1967 жылдары венгр дәрігері және педагог профессор Андраше Петё жасап шығарды. Кейіннен оның оқушысы және қызметтесі профессор Мария Харидің еңбектерінде жалғасын тапты.
Кондуктивті педагогика - церебрельді параличі бар балалардың абилитация және оңалтуды қарастырады. Кондуктивті педагогика баланы тұтас тұлға ретінде қарастырады, онымен жұмыс жасауда жүйелік ықпал жасау арқылы онымен жүргізген барлық жұмыстарда оңалту іс-шараларын енгізу мен қолдануға ұмтылады.
А.Петё жүйесінің негізі балаға оның өміршендігін, мақсатты кешенді дамуында жеке мүмкіндіктерін барынша толығымен және белсендірек колдануға жағдай жасауға ұмтылуда. Қандай жағдайда, қозғалыс бұзылыстарын түзету балада оған педагогикалық көмектің әсерінде болады, ал күндегі шаралар өз қажеттіліктерін қоршаған ортадағылардың көмегімен қанағаттандыруда дамиды. Осыған қол жеткізу үшін бастапқы кезеңта балада ерікті түрде қозғалыс стереотипін кұрып алу керек. Сонан соң ұйымдастырылған қозғалыс акті таным сферасына өтеді және соңғы кезеңта автоматтандырылады, осылай дисфункциялық тұлға ортофункциялық тұлғаға өтеді. Бұл стимуляция және тұлғаның оқуға мүмкіндіктерін дамытудың арқасында жүзеге асады. Осы мақсатқа жету процессінде А.Петё бала әсіресе балалық шағына тән миының жоғары әсемдігінен егіздейді.
Барлық оңалту жұмысының барысы церебральді параличтің ұқсас формасына ие 10 баладан 25 балаға дейін құрылған арнайы топтарда жүзеге асады. Процессті педагог-кондуктор жүзеге асырады. Педагог-кондуктор бұл медицина, психология, педагогика, дефектология, логопедия және емдік дене шынықтыру саласынан білімі бар маман. Кондуктордың балалармен жұмыс жасаудағы басты мақсаты - оқу процессі арқылы топтағы бар балалардың барынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуі: тежелген және зақымдалған функцияларды түзету арқылы, козғалыс, сөйлеу және психикалық жетіспеушілікті жеңу немесе азайту. Бұл мақсатқа жетуде күндік кешенді бағдарлама үлкен маңызға ие. Ол өзіне ойын түрінде жүргізіліетін жаттығулар кешенінен және педагогикалық сабақтардан тұратын блоктарды біріктіреді.
Кешенді жаттығулар, сонымен қатар олардың қатары енетін тапсырмалар баланың зақымдалу деңгейіне, қозғалыс және интеллектуальдық мүмкіндіктеріне қарай таңдалады. Кешенге енгізілетін барлық жаттығулар физиологиялық қозғалыстарға негізделген.
Әртүрлі заттармен және спорттық жабдықтармен жасалатын жаттығулар кешеніне доппен жасайтын жаттығу, баспалдақта, гимнастикалық орындықта, гимнастикалық таяқшамен жаттығу, сонымен қатар берілген кешен күрделенген түрде және швед қабырғасында жүру кезінде де орындалады.
Әрбір балаға оңалтудың жеке кешенді бағдарламасы құрылады. Кондуктивті педагогикаға жүйелік ыкпалының элементтерін бөліп қарауды, және оларды бір-бірінен тауелсіз түрде қолдануды қарастырмайды. Тұлғаға кұрылған бағдарлама ең біріншіден балаға өз мүмкіндіктерін, он ешкімнің кері итермейтінің, оған шыдамсыздық танытпайтынын көрсету арқылы өзін жеке тұлға ретінде көрсетуге бағытталған.
Ортофункциональды тұлғаға айналуда балалардың нақты кажеттіліктерімен байланысты бағдарлама орындалады. Олардың практикалық қолданылуы және әрекеттің үздіксіздігі кондуктивті педагогиканы баланы әрқашан дамытып отыратын динамикалық жүйе ретінде көрсетеді.
Баланың оңалту поцессіне қатысуының белсенділігі кандай да бір жағдайда оның түрткісіне сай болады. Негізінде, балалар Церебральді сал ауруы бар балалар өз әрекеттерінде енжар болады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қимылын белсендіруде және баланың әрекеттерінің қол жеткізу үшін жүзеге асырмас алдында әрекеттің мақсаты мен себебін білуі керек.
Оңалту жұмысындағы баланың көздеген мақсатқа жетуге деген ұмытылысының да маңызы бар. Сондықтан да кішкентай да болса кол жеткізген жетістіктің өзі мамандар үшін оң бағаланады.
Кондуктивті педагогиканың негізігі бөлігі балаға белсенді өмір позициясын таңдау болып табылады. Оңалту ортасында қалыптасқан тірек - қимыл аппараты зақымдалған балалардың белсенділігінің төмендігін баланың өзінің оңалту процессіне белсенді қатысуы аркылы жоюға болады.
Церебральді сал ауруы бар балаларда оңалтуда балалардың емдік немесе оңалту сеанастарына қатысуы секілді әдістер қолданылады.
Белсенді, ойланатын, сыни ойлай білетін және өмірдің көп тапсырмаларын және қиындықтарын оның ішінде қозғалыс қиындықтарын өзінше шеше алатын тұлғаны дайындау кондуктивті педагогиканың мақсаты, ал балалар Церебральді сал ауруы бар балалардың бұзылыстарының нәтижесінен пайда болған ауытқуларды жою мақсатқа қол жеткізу болып табылады.
Осы жағдайда, венгр әдісімен танысу балалар церебральді сал ауруы бар балаларда оңалтуда әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың маңызы мен ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бізідің еліміздегі басым медициналық ықпалдан ерекшелігін көрсетеді.
Oсы мәселелерге қатысты әдебиеттерді карастыра келе келесі шешімге тоқталамыз:

  • Қозғалыс бұзылыстарын түзету медикаментозды терапияны, физиотерапия, ортопедиялық емдеу, массаж және емдік дене шынықтырудан тұратын кешенді, жүйелік әрекет етуді кажетсінеді. Медикаментозды емдеу бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге, күшпен қозғалысты азайтуға, жүйке жүйесіндегі компенсаторлық процесстердің белсенділігін күшейтуге бағытталған. Әрбір нақты жағдайда емдік шара нақты балалар Церебральді сал ауруы бар балаларда есепке алынған қозғалыс жетіспеушілгі кұрылысы, психикалық әрекетттерінің ерекшеліктерін және баланың соматикалық жағдай есепке алынған жеке қасиетке тән болады. Ортопедиялық жұмыс ортопедиялық режим сақтауды бақылайды, ортопедиялық мүмкіндіктерін жүру кезінде пайдалануға бағытталады және т.б. Емдік дене шынықтыру қозғалыс дағдылары мен біліктіліктерін дамытуға, балалардың әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуіне бағытталған.

  • Қозғалыс бұзылыстарын түзету бірқалыпты, үздіксіз болуы тән болуы керек, сондықтан дене шынықтыру сабағы, музыка сабақтары, карапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабақтары, жабыстыру, аппликация, сурет салу, кұрастыру, еңбекке, ойынға баулу, қоршаған ортамен танысу, сөзді дамыту, сонымен қатар барлық жүйелік сәттер түзету бағытында болуы тиіс және балалар Церебральді сал ауруы бар балаларда қозғалыс ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізілуі керек. Осымен қатар емдік дене шынықтыру кезінде ойын әдістемелерін қолдану қозғалыс дағдыларын дамытуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

  • Церебральді сал ауруы бар мектепке дейінгі жастағы балаларға дидактикалық ойындар және ойын сабактарын таңдау таным іс- әрекеттерінің кұрылымдық бұзылысына және оларды түзетуге бағытталған болуы керек. Түзету іс-шараларына іс -әрекеттің ойынмен байланысты сурет салу, жабыстыру, құрастыру, аппликация, еңбек және т.б. әрекеттерді еңгізудің маңызы зор. Іс-әрекеттің бұл түрлері ең алдымен түсті, пішінді, көлемді ажырата білуге, сонымен қатар бұлшықет буындық сезімдердің және ұсақ моториканың дамуына бағытталған. Сонымен бірге іс-әрекеттің бұл түрі психикалық функцияларды және тұлғаны толығымен дамытады.

Е.М. Мастюкова балаларда жұмыс барысында қозғалыс ақауының кұрылымына нейро-онтогенетикалық мақсатка сай осы ауру барысында екі типті ауытқуды атап көрсетті. Бірінші тип, белгілі бір міндеттердің құрылымының тежелуіне байланысты, мысалы, отыру, жүру, өз бетінше ұстауға қабілетінің жоқтығы немесе кешеуілдеуі.
Екінші тип қарапайым қозғалыс белсенділігінің түрлерімен ерекшеленеді, яғни өз жасына сай емес әрекеттер байқалады, сондықтан патологиялық болып саналады, мысалға, 6-7 айдан кейін ұстау рефлексінің сақталуы, 4-6 аптадан кейін адымдау рефлексінің болуы.
Мектеп жасына дейінгі үлкен жастағы балалар аяқтарын жартылай бүгіп орырғанды, арқасын бүкірейтіп отырғанды, алға қарай еңкейіп отырғанды қолдарын алға қарай салбыратып отырғанды жөн көреді.
Гиперкинетикалық түрде арқа мен мойын бұлшық еттерінің жазылуына және тізе бұлшық еттерінің жазылуына әсер етеді. Балалар аяқтары түзу қалпында, яғни ішке карай бұрылған табанның алдыңғы жағымен қозғалады. Жүру барысында денесінің жан-жакка теңселуі арқылы немесе қолын сілтеу арқылы тепе-теңдікті сақтайды.
Аталмыш сұраққа жауап Шматконың әдістемелік кұралында берілген. Онда қозғалыс ауытқуының басты көрінісі сенімсіз қадам басу, өз бетінше баспалдақтан көтеріле немесе түсе алмау, үлкендердің көмегінсіз балалардың киіне, шешіне алмауы, бәтеңкесінің бауын байлай алмауы, бантик байлай алмауы, түймені және сылдырма түймені таға алмауы.
Осы категориядағы балалардың оң немесе сол қолы зақымдануы мүмкін, олар осы зақымданған қолымен қозғалта алмайды. Қозғалыс координациясының бұзылуы байқалады: аяктарын алшақ басады, жүріс тұрысы тұрақсыз, қорыққанда немесе уайым кезінде кұлап кетуі мүмкін. Өзіне өзі қызмет ету дағдысы көбіне дұрыс қалыптаспаған, заттык-тәжірибелік әрекеті шектелген, сурет салу, жазу дағдыларына дайын емес. Кейде балаларда шектен тыс сілекей бөлінуі байқалады. Бұл балалар әсіресе белсенді кимыл әрекет кезінде тез шаршайды, сондықтан жиі үзіліс жасауды қажет етеді.
Балалар қарындашты ұстағанда қолдарының әлсіздігі байқалады немесе керісінше қатты күш салуын байқаймыз.
Қол моторикасының кемістігі еңбек және тұрмыстық дағдылырын калыптастыру әрекеті кезінде байқалады. Еңбек сабағында бұл балалар арнайы түзетусіз ермеказбен жұмыс жасауда қиналады: оны соза алмайды, бөліктерге боле алмайды.
Церебральді сал ауруы бар балалардың қозғалыс ауытққуының ерекшеліктері қозғалыс ойыны кезінде көрінеді. Дене шынықтыру сабағында да балалар көптеген қиындықтарға тап болады, олар бастапқы қалыпта кайта тұра алмайды, қозғалмай тұра алмайды, керекті амплитуда қалыпында жаттығуды жасай алмайды, қозғалысты бірге керекті қарқынмен орындамайды, аяқ, қол дене қимылдарын біріктіре алмайды.
Мектеп жасына дейінгі балалар Церебральді сал ауруы бар балаларда түрлі заттармен жаттығуларды орындауда қиындықтар кездеседі: әр түрлі пішіндегі заттарды ұстауда және ұстап тұру кезінде қиналады. Жаттығуларды орындау кезінде балаларда жиі демалудың бұзылысы байкалады, кейде жеңіл, кейде ырғақсыз болып кетеді.
ПМПК-дан тексерілуден өткен соң балага ортопедиялық режим ұсынылады. Бұдан кейінгі жұмыс емдік дене шынықтыру әдіскерлері мен мұғалімдер, тәрбиешілер, логопедттердің әрекет етуі арқылы жүзеге асады. Мұндай кешенді жұмыс жақсы нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді. Қозғалыс ауытқуын түзетудің басты бағыты балалардың өзіне өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру, тәжірибелік әрекетін дамыту мен қолды жазуға үйрету болып табылады. Сонымен қатар қозғалыс дағдыларын игеру кезең кезеңмен жүретіндігін және ол көп уақыт алатынын естен шығармаган жөн.
Балалар Церебральді сал ауруы бар балаларда қозғалыс дағдыларын калыптастыру балаларға қызықты ойын түрінде мақсатты түрде жүргізіледі. Басты тапсырма баланың өз бетінше тамақтануы, киім кию кезіндегі түрлі әрекеттерді өзі орындауы мен қол қимылын дамыту болып табылады.
К.А. Семенованың айтуынша, емдік дене шынықтыруға қойылатын талап балалар Церебральді сал ауруы бар балалардын керекті козғалыс стереотипін дамыту болып табылады. Бұл жаттығулардың мақсаты вертикальды қалыпын түзету, жаңа жағдайда жүруге үйрету.
Тепе-тендік кабілеті мен козғалыс үйлесімділігін тәрбиелеу үшін науқасты әдейі әр түрлі доптарды лақтыру арқылы тепе-теңдік жағдайынан шығаруға тырысады. Допты әр түрлі биіктікте лақтырады. Бала оны қағып алу үшін секіріп, отырып, оңға, солға бұрылуы керек. Жүруге үйретуді біртіндеп бастайды. Басында егер науқас бірдеңеге сүйеніп жүрсе, дене калыпын бақылайды. Науқас алға карай, екі жаныны қарай иілмеуі керек, аяғы таймауы керек.
Балалар Церебральді сал ауруы кезінде жоспарлы түрде ұзақ әрі тізбекті түрде емханаларда, шипажайда, демалыс үйлерінде, интернатта, арнайы мектепке дейінгі емдеу мекемелерінде ем алу қажет. Осы тапсырмалардың қорытындысы есебінде дене жаттығуларын ұйымдастырады.
Әр түрлі тәсілдер арқылы дене тәрбиелеу негізгі қозғалыс әрекеттерімен қалыптасады. Жалпы дамытушылық жаттығулар мен ойындар мүшелерге әсер етуіне байланысты жүйелендірілген, яғни дем алу жаттығулары, позотоникалык әсерді түзетуге арналған жаттығулар. Балалар Церебральді сал ауруын емдеу арқылы қалпына келтірудің мүмкіндіктері жайлы Т.Г. Шамарин мен Т.И. Белованың еңбектерінде баяндаған. Әдебиетте балалар Церебральді сал ауруы бар балалардың қозғалыс ақауларын түзету жайлы мәлімет жазылған (Шамарин, Белова, Шматко, Беляева).
Авторлар өз бетінше отыруға 5-6 айлығында дағдыландыру керек деп ұсыныс айтады.
Бірнеше жаттығуларға мысал келтірейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет