Тақырыбы: Латын тілі жəне оның қысқаша тарихы. Латын алфавиты. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардың ұзақтығы мен қысқалылығы. Фонетика. Жоспар



бет2/14
Дата21.10.2022
өлшемі49.06 Kb.
#463210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
латын вет

Қайта жаңғыру кезеңінде (15-16 ғ.) Еуропа елдерінің интелектуальдық, мəдени, заң, ғылым саласына латын лексикасы қайтадан зор ықпал ете бастайды. Осы заманда жаңа латын əдеби тілі көркейеді. В. Гарвей (1578-1657), үлкен қан айналу шеңберін ашқан, жануарлар мен өсімдіктердің жіктелуін реттеген К. Линней (1707-1778), М. В. Ломоносов (1711-1762), терапия негізін қалаушы М. Я. Мудров (1776-1831) осы дəуірде латын тілінде өздерінің өшпес еңбектерін қалдырған. XVII-XVIII ғасырларда қайта жаңғыру дəуірінде көбінше дипломатия, дін, ғылымда қолданылып, биологиялық ғылымның, əсіресе биологиялық терминологияның қатты дамуына əсер етті. Швед ғалымы К. Линней (1707-1778) жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының жіктелуін жетілдіруі арқылы латын терминологиясына үлкен үлес қосты. Ол əр түр туыстық жəне түрлік екі атпен аталатын биноминальдық номенклатура енгізді.
XIX-XX ғасырларда жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының жіктелуі жетілдіріле берді жəне 1955 жылы Парижде анатомдардың VI конгресінде халықаралық дəрежеге ие болды. 1867 жылы Париж қаласында өткен ботаника конгресінде «Ботаника заңдылықтарың номенклатурасы», ал 1975 жылы XII халықаралық конгресте соңғы рет өзгертілген, 1905 жылы Венада қазіргі заманғы халықаралық ботаникалық номенклатурасының кодексі қабылданды. Соңынан өзгертулер мен қосымшалар енгізілген халықаралық зоология номенклатурасының ережелері 1905 жылы Мəскеу қаласында жарық көрді. XVI Халықаралық зоологиялық номенклатураның кодексі 1963 жылы Вашингтон қаласында қабылданған. 1992 жылы Цюрих қаласында өткен ветеринарлық анатомдардың дүние жүзілік ассоциясының Бас ассамблеясында «Үлкен ветеринарлық анатомиялық номенклатура» қабылданды.
Қазіргі кезде жаңа латын əліппесінде 25 əріп бар
Жазылуы Транскрипция Айтылуы Жазылуы Транскрипция Айтылуы
A, a а а N, n эн н
B, b бэ б O, o о о
C, c цэ ц/к P, p пэ п
D, d дэ д Q, q ку к
E, e э э R, r эр р
F, f эф ф S, s эс с
G, g ге г T, t тэ т
H, h га (ха) гх U, u у у
I, i и и V, v вэ в
J, j йот (йота) й X, x икс кс
K, k ка к Y, y ипсилон и
L, l эль л Z, z зэт з
M, m эм м
Латын терминологиясында кейде Ww — дубль вэ деген əріп кездесіп қалады. Ол неміс тіліндегі [в] немесе ағылшын тіліндегі [у] сияқты айтылады. Wassermann [Ва.ссэрманн], Webster [Уэ.бстэр], Wilson [Уи.лсон].
Биологиялық, биохимиялық, фармацевтикалық жəне химиялық номенклатураларда жануарлар мен өсімдіктердің родтық аты үлкен əріптермен жазылады:
1) Lacerta [ляцэ.рта] – кесіретке, Urtica [урти.ка] - крапива, Arthropoda [артро.пода] - буынаяқтылар;
2) химиялық элементтердің аты мен катиондар - Ferrum [фэ.ррум] - темір, Natrii chloridum [на.трии хлё.ридум] - натрии хлориді;
3) биохимиялық субстанциялар мен биохимиялық препараттар – Serotoninum [сэротони.нум] - серотонин_______, Tetracyclinum [тэтрацикли. -нум] – тетрациклин.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет