Eu дифтонгі сөздің соңында m жəне s дауыссыздарының алдында дифтонг құрмайды жəне буынға бөлінеді: calcaneus [калька.нэус] — өкшелік_______, peritoneum [пэритонэ.ум] - ішперде (құрсақ қуысын қаптайтын кілегейлі қабық).
Кейде биологиялық атауларда грек дифтонгі ei кездеседі де [эй] болып оқылады: Teichodectidae [тэйходэкти.дэ] - жүн жегіштер, seirosporae [сэйро. спорэ] - сейроспорлар.
Кей жағдайларда ae немесе oe дифтонг құрмайды жəне əр дауыссызды жеке айту керек. Бұл үшін екінші дауыстының үстіне қос нүкте қойылады: aёr [а.эр] - ауа, uropoёticus [уропоэ.тикус] - зəртүзгіщ, Aloё [а.лёэ] – алоэ, erythropoēsis [эритропоэ.зис] - эритроциттердің пайда болуы, Aquila chrisaĕtos [а.квиля хриза.этос] - бүркіт.
С əрпі e, i, y жəне ae, oe, eu, ei дифтонгтарының алдында [ц] болып оқылады: сervix [цэ.рвикс] - шея, шейка, Picidae [пици.дэ] - дятловые, zoocoenosis [зооцэно.зис] - зооценоз.
С əрпі a, e, u дауыстылардың, au дифтонгінің жəне басқа дауыссыздардың (h-тан басқа) жəне сөз соңында тұрғанда [к] болып оқылады:
cranium [кра.ниум] - бас сүйек, coracoclavicularis [коракоклявикуля.рис] - тұмсықтəрізді-тікенекті.
G əрпі [г] болып оқылады: genotypus [гэно.типус] - генотип, marginalis [маргина.лис] - шеткі, шет орналасқан.