Тақырыбы: Латын тілі жəне оның қысқаша тарихы. Латын алфавиты. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардың ұзақтығы мен қысқалылығы. Фонетика. Жоспар



бет9/14
Дата21.10.2022
өлшемі49.06 Kb.
#463210
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
латын вет

Бақылау сұрақтары:
1. Термин деген не?
2. Номенклатура дегенді қалай түсінесіз?
3. Терминдегі анықтауыш түрлері?
4. Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы.
ТАҚЫРЫБЫ: Латын граматикасы. Зат есім және сын есім, салыстырмалы шырай. Құрама аралас анатомиялық терминдер..

Жоспар:
1. Сөз құрау.
2. Грек суффикстері.
3. Грек түбірлі терминоэлементтері.
4. Латын тілінде сөз құраудың екі түрі бар: сөзқұрау жəне аффиксация.
Сөз құрау – екі немесе одан да көп түбірлі сөзден бір сөз шығару: oss-ificatio – сүйектену.

Аффиксация – сөз түбіріне жұрнақтар мен приставкаларды жалғау арқылы сөз шығару: аb-duc-tio – алыстату.

Анатомия терминологиясындағы зат есімдердің маңызды суффикстері
1. Сөз түбіріне жалғанатын –ul, -cul, -ol жұрнақтары (f) тегінде, кішірейтетін мағынадағы I септеудің зат есімдерін құрайды: radic-ul-a, a ae, f – тамыршық (от radix, icis,f – тамыр).
2. -ul, -cul, -ol жұрнақтары (m) жəне (n) тегінде тұрған зат есімдерге жалғанып, кішірейтетін мағынадағы II септеудің зат есімдерін құрайды. (m) тегінде тұрған зат есімдер атау септігінде -us -қа, (n) тегіндегі зат есімдер – um-ға аяқталады: ram-ul-us,i,m - сабақша (от ram-us,i,m – сабақ), tuber-culum, i, n – төмпешік (от tuber, eris, n – дөңес). Анатомиялық терминологияда - ul, -cul, -ol жұрнақты көп зат есімдер өздерінің бастапқы кішірейтетін мағынасын жойған.
3. -tor, -sor жұрнақтары супин түбіріне жалғанып, əрекеттегі зат немесе жақты білдіретін зат есімді құрайды: reseptor, oris, m – қабылдағыш (reseptum);
flexor, oris, m – бүккіш (flex-um); extensor, oris, жазғыш ( extensum).

Анатомия терминологиясындағы сын есімдердің негізгі суффикстері

Грек суффикстері
Грек суффикстері (жұрнақтары) латын зат есімдері мен сын есімдерінің 1-3 жіктелуімен аяқталатын сөздермен бірігеді. -īd- жұрнағы жануарлардың тұқымдастығын (Ranīdae - бақалар, Ciconīdae - тырналар), ботаникалық кластарды (Pteropsīdae - папоротник тəрізді, Pinopsīdae - қылқанды) жазуда қолданылған.
Гректің eidos (түр, ұқсас) жұрнағынан пайда болған -īd- жұрнағы орыс тіліндегі зат есімдердің -оид жұрнағына сəйкес келеді: гаплоид - haploīdum, i n; нуклеоид - nucleoīdum, i n.
Латын нұсқасында екпін -īd- жұрнағына түсетінін ұмытпаған жөн. Бұл топқа грек жұрнағындағы id-ке аяқталатын, ал орыс тілінде -ид-ке аяқталатын зат есімдер де келіп қосылады:
гликозид - glycosīdum, i n; хроматид - chromatīdum, i n.
-īd- жұрнағына алынған -ide- сын есімдерде -ұқсас-, -тəрізді деген ұғымды білдіреді, мысалы: ovoideus, a, um жұмыртқа тəрізді; xiphoideus, a, um қылыш тəрізді.
Грек тілінен енген жұрнақтарға тағы да -ism- жəне -ōs- жұрнактарын жатқызса болады. -ism- жұрнағы –us-пен аяқталатын сөздерге қосылып, зат есім терминдерінде қолданылады. Бұл жұрнақ негізделген қандай да бір құбылыс, күй, қасиет туралы хабар береді: gigantismus, i m гигантизм, бой өсуінің күшеюі; metabolismus, i m метаболизм, ағзадағы зат алмасу.
Ал, -ōs- -is-ке жалғаныпауруды, қалыпты жағдайдан ауытқуды білдіреді: helminthōsis, is f гельминтоз, адам, жануар, өсімдіктердің құрттармен ауыруы; erythrocўtōsis, is f эритроцитоз, қанда эритцоциттердің көбеюі. Бірақ, -ōs- жұрнағы көп жағдайда сөз байланыстыру мақсатында қолданылады: metamorphōsis, is f метаморфоз, форманың өзгеруі; synarthrōsis, is f синартроз, буындардың дəнекер ұлпа, шеміршек немесе сүйек арқылы жалғануы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет