2-кезең. Біздің сайыскерлерге үй тапсырмасы берілген. «Менің сүйікті мамандығым» презентациясын дайындау. Балалар, сендерге сөз береміз. 1-2 минут уақыттарың бар.
3-кезең.«Мамандықтың бәрі жақсы» — интеллектуалдық ойыны.(Презентация арқылы )
—
-Тақтаға назар аударыңдар. Ойын бірнеше бөлімнен тұрады. Әр топ ұяшықтарда жасырылған сұрақты таңдап алып кезекпен оларға жауап береді. Дұрыс жауап үшін тиісті ұпай алады. Егер жауап бере алмаса қарсылас топқа кезек беріледі.
-Іске сәт тілейміз!
4-кезең. «Күні бойы бір күле алмасаң, онда оны зая кеткен күнім деп есепте» — деген екен Виктор Мари Гюго. Сондықтан , күлуге де кезек келді. Ендеше, балалар көріністерді тамашалап, бір сергіп қалайық ! (Көріністер)
5-кезең. Сөз кезегі топбасшыларға келді . Капитандар сайысы.(пантомима).Әр топтың басшысы қимылмен бір мамандықты көрсетеді. Қарсылас топ мамандықтың атын атау керек.
III. Қорытынды.
Бағалау.
Рефлексия.
-Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Сабақ сендерге ұнады ма?
-Бүгін біз қандай мамандықтармен таныстық?
-Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды атап, алдарыңдағы жапырақтарға жазып, « Мамандықтар ағашын» гүлдендірейік! (Оқушылар мамандықтарды атайды.)
— Белгілі бір мамандықтың иесі болу үшін не істеуіміз керек?
(Оқушылар өз ойларын айтып, пікір алмасады.)
1-оқушы:-Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта өмірге бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Болған соң елдің сәні біз
Үміт боп қалай жанайық
Қосылып қане бәріміз
Ұстазға , мектепке бір ән арнайық .(« Мектебім» әні орындалады ).
Достарыңызбен бөлісу: |