Полиомиелит тәрізді түрі жиі кездеседі. Осы түріне тән шеткі парездер ж»әне мойын, иық, бел бұлшық еттерінің семуі кене энцефалитінің полиомиелит тәрізді түрінің клиникалық көрінісін құрайды. Олар «ілініп тұрған бас», проксимальды парездер, гипотония мен арефлексия, қолдың дисталды бөлімінде қимылдар мен рефлекстер сақталуы мүмкін. Электромиографиялық зерттеулер арқылы жұлынның алдыңғы мүйізінің зақымдалуын анықтауға болады. Жұлынның зақымдалуы ми сабағындағы өзгерістермен қосылуы мүмкін (полиэнцефаломиелиттік түрінің понто-спинальды, бульбо-спинальді варианттары).
Энцефалиттік түрі. Бас миының зақымдалу симптомдарымен сипатталады. Ауру жалпы ми симптомдарымен басталады (есі өзгереді, қояншық тәрізді ұстамалар). Қабыну процестерінің орналасуына байланысты церебральды және ми сабағының көп зақымдалған түрлерге бөледі. Ми сабағы көп зақымдалған түрінде бульбарлы, бульбопотинді синдромдар, кейде орта мидың зақымдалу симптомдары байқалады. Дисфагия, шашалу, дисфония, тіл бұлшық еттерінің салдануы мен семуі, дизартрия байқалады. Процес варолий көпіріне тараса VI және VII жүйкелерінің зақымдалу симптомдары байқалады. Кейде жеңіл пирамидалвқ белгілер анықталады: рефлекстердің жоғарлауы, клонустар, патологиялық рефлекстер. Бұл түрі қатерлі ауру болып есептеледі. Өйткені бұл кезде тыныс алу мен жүрек қызметінде өзгерістер болады. Бульбарлық бұзылулар өлімнің негізгі себебі болып табылады.
Церебральды түрі аурудың 2-3 күнінде моно- немесе гемипарездердңғ дамуымен, жедел, кейде инсульт әрізді дамуымен сипатталады. Бұл сипаттама ми қыртысының қимылдатқыш аймақтарының зақымдалуына, сонымен бірге ішкі капсуланың және субкортикальды бөлімдердің демиелинизациялануына негізделген. Пирамидалқ бұзылулар екі жақты болуы мүмкін. Кей жағдайда кене энцефалитінің церебральды түрі әр түрлі гиперкинездермен басталуы мүмкін (хорея, атетоз, миоклония). Олар процестің қыртыс асты ядроларда орналасуымен байланысты болады. Церебральды түрі кезінде қозғалыс қызметінің қалпына келуі баяу және толық өтпейді.
Созылмалы түрі. Эпидемиялық энцефалит сияқты алғашқы симптомдары жедел кезеңнің аяқталуынан кейін байқалады немесе көп айдан, жылдардан кейін болады. Созылмалы кезеңнің негізгі клиникалық түрі Кожевниковтың эпилепсиясы болып табылады. Ол кене энцефалиті бойынша алғашқы жұмыстар шығуына дейін 40 жыл бұрын сипатталған.
Кене энцефалиінің диагностикасы типтік клиникалық симптомокомплекстерге, эпиемиялық жағдайдың есебіне, анамнезінен толықтай жинауға негізделіп қойылады. Менингеальды түрін энтеровирусты менингитпен (Коксаки, ЕСНО), полиомиелиттің менингеальды түрімен ажыратпалы диагноз жүргізгенде қиындықтар болуы мүмкін. Анамнезінде кененің шағуын анықтау диагноз қоюға зор көмегін тигізеді.
Полиомиелит тәрізді түрі полиомиелиттің ағымына ұқсас келеді. Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген факторлардан басқа зақымдалу ошағының (жұлынның жоғары мойын бөлігі) өзіне тән орналасуының диагностикалық маңызы бар. Полиомиелит кезінде жамбас белдерінің бұлшықеттері зақымдалса, энцефалит кезінде мойын, иық бұлшықеттері зақымдалады. Сонымен қатар энцефалит кезінде жұтқыншақта полиомиелитке тән катаральды құбылыстармен қатар жүретін продромальды кезең және асқазан – ішек бұзылулары жиі байқалады.