Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет2/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
НС инф аурулары

Іріңді менингит.
Қоздырғыштары: менингококк, пневмококк, стрептококк, стафилококк, гемофильді таяқша, ішек таяқша, сальмонеллалар және тағы басқа. Іріңді менингитке тұрақты симптомокомплекс, эпидемиологиялық, бактериологиялық зерттеулердің көрсеткіштері тән.
Эпидемиялық менингококкты менингит
Эпидемиялық менингококкты менингит – Вексельбаум менингококктарымен шақырылатын мидың жұмсақ қабығының іріңді бірінші реттік қабынуы. Ауа-тамшы жолымен жұғады. Қоздырғышы мұрын жұтқыншақа еніп, лимфо-гематогенді жолмен организмге таралады.
Патоморфологиясы. Менингококкты менингит лептоменингиттерге жатады, себебі көбінесе торлы және жұмсақ ми қабықтары зақымдалады. Қан тамырларының бойы мен саңылауларда серозды немесе іріңді эксудат байқалады. Кей кезде жарты шарлар түгел іріңмен жабылады. Эксудаттың құрамы нейтрофильді. Бас ми жұлын жүйкелерінің түбіршектерінің қабығының қабыну процестері жайлайды. Мида, қантамырларда қанның стазы, периваскулярлы диапедезді геморрагия, ісіну, тромбтардың түзілуі байқалады. Периваскулярлы кең ісіктерге іріңді эксудат таралады, тромбофлебиттің, ми затында іріңді ошақтардың дамуында әсерін тигізеді. Қарыншалардың қан тамыр өрімінде, эпендимада және субэпендимарлы затта өзгерістер болады. Ми қабықтарының морфологиялық қабыну өзгерістері буындардың синовиальды қабықтарының, көздің, жүректің қантамыр қабықтарын жайлайды.
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 1-4 күнге созылады. Ауру жедел басталып, дене қызуы көтеріліп, қалтырау пайда болады. Науқас мазасыз, тітіркенгіш келеді. Беті бозғылт болады. Мидың ісінуіне байланысты есінен танып, қалтырау, тырысу ұстамасы, кейде қалтырау статусы болады. Науқас басының ауыратынына шағымданады. Тексергенде менингеальдық синдром анықталады. Ошақты симптомдар болмайды, кейде бас ми жүйкелері зақымдалуы мүмкін, көбінесе есту жүйкесінің невриті болады. Менингококцемияның әсерінен теріде геморрагиялық дақтар («жұлдызды») пайда болады.
Ағымы: қауіпсіз жағдайда 10-14 күннен соң жазылады. Кей кезде қатерлі дамып 18-24 сағат ішінде өліп кетуі мүмкін. Асқынулары ретінде ауыр токсикоз, Уотерхаус-Фридериксен симптомокомплексі (бүйрек үсті безіне қан құйылуы), мидың жедел ісінуі, менингококкты сепсис болады. Артерия қысымы төмендеп, жүрек қызметі нашарлап, коллаптоидты жағдай дамиды. Көбінесе өлімге әкеліп соғады. Сондықтан уланумен, сепсиспен, мидың ісінуі мен күрес жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет