Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет7/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
НС инф аурулары

Симптомдарына байланысты: сіреспе кезінде 1% хлоралгидратпен клизма, реланиум, седуксен және т.б. гипертермияға қарсы литикалық қоспалар (анальгин, амидопирин, аспирин т.б.).
Акинезді ригидті синдромды емдеу үшін атропинді препараттар, ромпаркин, циклодол, паркинсан, динезин, беллазон препараттарын қолдану ұсынылады. ДОФА препаратты жетістікпен қолданылып жүр.
Кейбір жағдайларда хирургиялық емдеу әдістерін қолдану жақсы нәтиже береді.
Аруханадан шыққан соң аурудың созылмалы ағымға ауысуының алдын алу үшін десинсибилизациялаушы және қабынуға қарсы препараттарды ауық-ауық қолдану көрсетілген.
Кене энцефалиті
Кене энцефалитін (көктемгі-жазғы, қиыршығыстық, орыс энцефалиті) 1935 жылы А.Г.Панов сипаттаған. Л.А.Зильберг, М.П.Чумаков, А.К.Шубладзе және т.б энцефалиттің қоздырғышы – сүзгіш вирусты анықтап, таралу жолдарын көрсеткен: вирустың қоры болып табылатын кеміргіштер, көктемгі-жазғы энцефалиттің негізгі тасымалдаушысы - иксод тобының кенесі. Кеміргіштермен берге құстар және үй жануарлары, сонымен қатар кенелердің өздері вирус қоры болып табылады.
Кене энцефалиті көбінесе тауда, орманда, тайга аймақтарында тұратын және жұмыс істейтін адамдарда кездеседі ауру ошақты болып табылады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Ауырып тұрған науқастардың қанында ұзақ уақыт бойы арнайы антидене анықталады. Эпидемиялық ошақтар Сібірде, Оралда, Қиыр шығыста, Қазақстанда байқалады.
Патоморфологиясы. Кене энцефалиті панэнцефалитердің құрамына кіреді. Бұл ауру кезінде мидың сұр затымен бірге ақ заты да зақымданады. Ми қабықшалары ісініп, қызарады. Ми затында, Вароли көпірі, сопақша ми мен ортаңғы мидың, жұлынның алдыңғы мүйіздерінің (мойын сегменттерінде) ядроларында және ақ затында айқын білінетін экссудативті-пролиферативті, сонымен бірге альтерациялық өзгерістер анықталады. Ішкі органдарда (бауыр, өкпе, бүйрек т.б) токсикалық өзгерістер байқалуы мұмкін. Кене энцефалитінің созылмалы кезеңінде ми қыртысының қимылдатқыш аймағының III-IV қабаттарында қызыл ядро, төменгі зәйтүнде, ретикулярлы формацияда, жұлынның мүйіздерінің қимылдатқыш нейрондарында дестркутивті – дегенеративті өзгерістер байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет