Тақырыбы: Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұны кіріспе



бет10/25
Дата20.06.2022
өлшемі132.56 Kb.
#459371
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
dip -orta-mektepterdegi-9-shy-synyp-oqushylaryna-jekologijalyq-bilim-men-tarbie-beru (1)

Өлкелік принципі оқушыларға экологиялық білім беруде оқушылардың тұрмыстық салт-дәстүрлері, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру.Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық проблемаларды көтеру оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана сезімін ояту.
Жоғарыдығы принциптерді жүзеге асыру комплексті түрде бір-біріне байланысты, әрі гармониялық үйлесімдік жағдайда өміршең болатынын ұстаздар білуі қажет [30].
Оқушыларға экологиялық білім беру қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі. Сондықтан, экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы - сабақ болып табылады. Сабақ арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы барлық оқу-тәрбие жұмыстары арқылы жүзеге асады. Дидактика принциптеріне сәйкес сабақ типтерінің қалыптасқан түрлері: көп салалы, аралас, жаңа білім беру, материалдарды қайталау және оқушылардың білім деңгейін бағалау сабақтары бар. Аталған сабақ типтерінің бәрі де экологияны оқытудағы орталық алаң болып табылады.
Осы мақсатта оқушылар экология сабақтарының әрбір тақырыптарын өткен кезде, оқулықтардан тыс әдебиеттерді пайдаланып, қосымша материалдар жинақтауға дағдыланады.
Экологиялық білім беру көп сатылы үрдіс. Оны кешенді тұрғыдан қалыптастыру қажет. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымдылығын тәрбиелеу. Үшіншіден, сарамандық іс- әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім берудің үш үлгісі бар:
Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарына, экологиялық мәселелердің жеке білімі, жекеленген тақырыптар енгізіледі және бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.
Екіншісі – бір пәнді үлгі. Орта мектептердің экологиялық оқу жоспарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс – жүзінде асады.
Үшінші аралас сабақтар үлгісі. Мұнда жоғарғы сынып оқушылары үшін экологиялық білімінің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Ол сабақтарды біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі.
Экологиялық білім беру табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру.
Сондықтан зерттеуге негіз етіп отырған 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруге, қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенін, оны іске асырудың қазіргі хал-жайын анықтаудың үлкен маңызы бар. Әр түрлі оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім беру қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенімен, оны іске асырудың қазіргі жағдайын анықтаудың үлкен маңызы бар.
Тақырып бойынша Алматы қаласы №48 орта мектебінде жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар мына міндеттерді шешуге бағытталды:
-Жоғары сынып оқушыларына экологиялық білімді факультатив сабақтар арқылы беру, оны жүзеге асыру тиімділігін анықтау;

  • оқушыларға экологиялық педагогикалық оқыту технологиясы арқылы білім беру жолдарын қарастыру;

-Компьютерлік және ақпараттық технологиясы арқылы жоғары сынып оқушыларына үздіксіз, жан-жақты экологиялық білім беру;

  • Модульдік оқыту технологиясы ар0ылы оқушылардың экологиялық танымдық қабілетін арттыру;

Аталған міндеттерді шешуге іс жүзіндегі педагогикалық процесті зерттеу әдістері, бақылау, сұрақ-жауап, бағдарламалар, оқулықтар мен құралдарды талдау қолданылады.
Білімді терең меңгеруге оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру әр түрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасалды. Әрбір сабақта, әр түрлі оқу әдістерін, оқыту құралдарын пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары олардың рефераттар және қысқаша баяндамалар және т.с.с. ұйымдастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, оқу белсенділіктерін іс-әрекеттерін дамытады.
Аталған мектепте жоғары сынып оқушыларына экологиялық білім беру үшін факультатив сабақ ретінде өткіздік. Факультативтік сабақтарда жоғары сынып оқушылардың экология ғылымына қызығушылығы үнемі дамып отырады. Оқушылардың экология сабақтарында еңбек етуге талпыну, экологиялық ойлау әрекеті мен ерекше шығармашылық қабілеті байқалады, жұмыстарының нәтижесі жақсарады. Бұл істің бәрі де уақыты шектеулі сабақта емес, факультативтік сабақтарда, экология ғылымын терең оқып үйрену процесінде жүзеге асырылады.
Мектепте факультативтік сабақтарда экология ғылымының жетістіктері мен даму болашағы, проблеманың мазмұнын әлдеқайда толық ашып көрсету мүмкіндігі бар.
Экологиялық білім көздері арқылы практикалық жұмыстар жүргізу, статистикалық материалдарды, жүйелі бақылауларды пайдалану, экологиялық ойындарды өткізу, факультативтік сабақтардың оқу-тәрбиелік мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ өлкетану материалын кеңінен пайдалану, туған өлке табиғатының еркшеліктері мен шаруашылық іс-әрекетін оқып-үйрену негізінде көптеген экологиялық, географиялық, экономикалық түсініктер нақтыланады. Факультативтік курс бүгінгі оқушының жалпы білім мен болашақтағы мамандығының аралығында өткел қызметін атқарады [35].
Экология пәні республикамызда орта мектептің бағдарламасына мемлекетік компонент ретінде кірмегендіктен, жеке пән болып оқытылмайды. Оқушылар экологиялық білімді орта мектептің жаратылыстану пәндері арқылы алады. Дегенмен әлемдік іс-тәжірбиеге сүйенсек (Ресей, Украина, Германия, т.б.) экология мектептерде жеке пән болып оқытылып жүр. Осы мәселені шешудің бір жолы ретінде біз «экология» пәнін орта мектептерде факультативтік сабақ түрінде өткізуді ұсынамыз.
Экологиялық проблемалар қазіргі таңда ең өзекті мәселелерінің бірі. Республикадағы экологиялық жағдай қатты шиеленіп жатыр. Көптеген аймақтарда тұрғындардың, әсіресе балалардың денсаулығы нашарлап, экологиялық қолайсыз аймақтар аумағы кеңейіп барады.
БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференция шешіміне, ҚР «Экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында, және «Қоршаған ортаны қорғау» заңдарына сәйкес экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін одан әрі жетілдіре беру қажет.
Жалпы қорыта келгенде оқушыларға білім мен тәрбие беру, оның интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық еңбек циклды оқу пәндерінің барлығында дәрежеде бейнелеуін қамтамасыз етеді.
Көптеген ғалымдар, оның осы ерекшелігін негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әр түрлі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік, эстетикалық құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін қандайда болмасын бір ғана мектеп пәні арқылы шешілуі мүмкін емес, тек мұны пәнаралық байланыс арқылы қарастырылады.
Мектептегі экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы мен мектеп тәжірибесінде жаңа сала ретінде қазіргі кезде дамып келе жатқандығын байқатады. Бұл саладағы теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін дәлелдейді. Менің ойымша, қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты тәрбиеге оқушыларды дайындауды қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі – экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі табиғи ортаның бағалылығы көпшілігінде пайдакүнемдік негізде түсіндіруі, экологиялық мазмұндағы білімдерінің өзара тығыз бірлігінің болмауы деп саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет