Тақырыбы: Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұны кіріспе



бет13/25
Дата20.06.2022
өлшемі132.56 Kb.
#459371
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
dip -orta-mektepterdegi-9-shy-synyp-oqushylaryna-jekologijalyq-bilim-men-tarbie-beru (1)

Эмоционалдық өлшем – экологиялық білімге қызығушылығын, табиғат пен оның әлемдік бейнелеуіндегі үйлесімділікті сақтауды, оны сұлулық заңымен жақсарта түсуі, табиғатты адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан ұғына отырып, қоршаған ортаның қасіретке ұшырауына бірге күйзеліп, оны қорғауға ұмтылысын бағалайды.
Практикалық өлшем – табиғат қорғауға байланысты практикалық іс-шараларға қатысуын, бұл істі қажетті деп санауын, оған қатысу себепті (мотив) дәлелдерін сөзбен іс бірлігін анықтайды. Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының деңгейін анықтап, тексеру мақсатында №30 мектебінде тәжірибелік-эсперимент жүргізілді. Олардың экологиялық деңгейін зерттеу, жекелей және жаппай сауалнамалар, анкеталар, тест әдістер арқылы іске асырылды.
Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының интеллектілік, эмоциональдылық, практикалық өлшемдері бойынша жоғары, орта, төмен деңгейлерін зерттей отырып, жасаған тұжырымдаманы пайдаландым.
Жоғары деңгей: экологиялық білімді жақсы меңгерген, оның күнделікті өмірде қажеттілігін, сонымен түсінеді, теория жүзінде алған білімін өмірмен ұштастыра алады, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді эмоциональды тұрғыда қабылдайды, табиғи орта қорғауға арналған іс-шараларға белсене араласады, өздігімен ізденеді.
Орта деңгей: экологиядан білімі бар болғанымен оны күнделікті өмірмен байланыстыра бермейді, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді байқаған, эмоциональдық сезіммен тұрақты қабылдай алмайды, табиғи ортаны қорғауға арналған іс-шараларға қатысу барысында ішінара белсенділігін көрсетіп отырады.
Төмен деңгей: экология білімін нашар меңгерген, оны өмірде қажеттілігін түсінбейді. Табиғат пен қоғамдағы өзгерістерге мән бермейді. Тірі ағзалардың өзара және бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызамыз. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлар, абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып жіктеледі.
Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз – олардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің циклді үрдісі болмақ.
Табиғаттың өзіндік дамуына байланысты айтылған жүйелер арасында биохимиялық айналымның жылжымалы тепе-теңдігі орнығады.
Адамның табиғат заңдарын ұстамауы өндірістік іс-әрекеттерінің әсерінен экожүйе бөліктері арасында тепе-теңдік бұзылар.
Яғни, жер климатының біртіндеп, жылынып, озон қабатының тесілуі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің азаюы т.б. мысалы болады.
Әрбір мектептің міндеті оқу бағдарламасынан тыс әртүрлі тәрбиелік білімділік мәні бар сабақтардан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларға дүние жүзінде болып жатқан экологиялық мәселелерді ұғындырып, болу себептерін айқындап, экологиялық білімін арттыру. Сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастырып өткізу жолдарын және әдістемесін ғалымдар Н.И.Болдырев, В.И.Фурсов Р.Сәтімбеков және т.б өз еңбектерінде атап көрсеткен [31,32,33].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет