Тақырыбы: Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұны кіріспе



бет9/25
Дата20.06.2022
өлшемі132.56 Kb.
#459371
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
dip -orta-mektepterdegi-9-shy-synyp-oqushylaryna-jekologijalyq-bilim-men-tarbie-beru (1)

Ғылымилық принциптері негізінен оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар негізінде берілуі және пайдалануы тиіс.
Байланыстылық принципі негізінен табиғаттағы тірі организмдер, орта факторлары, өсімдіктер мен жануарлар арасында тығыз байлыныстың бар екені тәжірибелер мысалдар арқылы беріледі.
Тепе-теңдік принципі табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер ондағы организмдердің жиынтығы мен өлі табиғат арасында тепе-теңдік сақталады. Олардың бір компоненттерінің құрып кетуі немесе өзгеруі, екінші және үшіншілері үшін қауіпті құбылысқа айналып табиғат тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғады.
Қызығушылық принципі оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен формалары оқушылардың бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ынтасын арттыру.
Үздіксіздік принципі оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Жалғастырушылық принципі оқушылардың білім қорын бала-бақшадағы сәбилік кезінен бастап, бастауыш сынып одан жоғары сыныптарға көтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту.
Жоғары сыныптарға экологиялық жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте-бірте жеткізу.
Интеграциялау принципі экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (биология, химия, география, физика т.б.) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих т.б.) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге көтеру көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру.
Көрнекілік принципі оқушыларға экологиялық білім беруде оқу процесінде көрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттері, коллекциялар, бейнекөріністер, индекаторларды пайдалану.
Қабылдаушылық принципі негізінен мұғалімнің экология ғылымының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып жатық, әрі түсінікті тілмен берілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет