Тақырыбы: Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұны кіріспе



бет3/25
Дата20.06.2022
өлшемі132.56 Kb.
#459371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
dip -orta-mektepterdegi-9-shy-synyp-oqushylaryna-jekologijalyq-bilim-men-tarbie-beru (1)

Зерттеудің практикалық мәнділігі:


- Компьютерлік және ақпараттық технологиясы арқылы оқушыларға үздіксіз, жан-жақты экологиялық білім береді;

  • Жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдары ендірілген қосымша бағдарламалар жасау;

  • жоғарғы мектептерде биология пәні негізінде экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-практикалық ұсыныстары.

Зерттеу кезеңдері:

  • Бірінші кезең (2013 жылы). Дипломдық жұмысының тақырыбы алынып, осы тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.

  • Екінші кезең (2013 жылы). 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.

Зерттеу жұмысының негізгі базасы:
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Алматы қаласы №48 орта мектепте өткізілді.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тарудан,4кестеден және 4 суреттен,қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.


І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері

Адамның даму тарихы, ғылыми прогрестің қоршаған орта мен табиғат арасындағы қатынасты байланыстыруда және дүниежүзілік табиғат байланысының кілт өзгеруіне әкеп соқты. Адам, қоғам табиғат заңдылығымен санаспауы нәтижесінде пайда болған экологиялық қайшылықтардың дамып, әлемдік дәрежеге жеткен, ең негізгі мәселенің бірі болды. Табиғат пен қоғамның дамуы бір-бірімен байланысты.


Қазіргі кезде балалардың санасына қоғамдық байлығы мен даму негізіндегі сезімдерін тәрбиелеп, оларға экологиялық білім беру мұғалімдердің міндеті.
Экология – грекше «oikos»– үй, мекен - жай және «logos»–ғылым деген мағынаны береді. Экология - тірі ағзалар мен қоршаған ортаның бір – бірімен байланысын зерттейді. Бұл ғылымды негізін ұсынған неміс ғалымы Эрнест Геккель [22].
Экологиялық тәлім-тәрбие мен білім беру мәселесін қарастыруда, ғалымдардың табиғат пәніндегі ой-пікірлері өзгеше. Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоции, Ф. Дистерверг баланың табиғатпен байланысы негізінде ой санасын қалыптастыру, білім мен тәрбие беру заңдылықтарын негіздеді. Оқушының санасын дамытушы “табиғат сезіміне” үйрету жайында айта келіп, оның эстетикалық мінез-құлқының дамуындағы маңызын ашты. Ж.Ж.Руссо(1981) оқушылардың жан-дүние тәрбиесін табиғатпен өткізуін ұсынады. Ғалымның ойынша, табиғатқа деген жақсы көзқарасқа үйрету, баланың ой-санасын іштей дамыту арқылы табиғатты танып, қабылдау сезімдерінің әсерімен жүзеге асады деп тұжырымдайды [23,24].
Педагогика ғылымының негізін қалаушы ғалымы Я.А.Коменскийдің(1955) тұжырымдарына назар аударсақ, ол дұрыс тәрбие берудің жан-жақты көзқарасымен табиғаттың байланысуы керек деген ой айтады. Сол себептен табиғаттың бір бөлшегі – адам деп қарап, адам мен табиғат тәрбиесінің арасындағы заңдылықтарын дәлелдеуге әрекеттенді [25].
И.Г.Песталлоции(1981) табиғатпен тәрбиенің байланысы жөнінде баланың ақыл-ойы және күш – жігері ең өзекті мәселесі деп есептеді.
А.Н.Герцен (1954) жас баланың психологиясын қалыптастырудағы табиғаттың негізін тұжырымдай отырып, «Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік» – деген ой айтқан болатын [26].
Ал орыс педагогы К.Д.Ушинский(1948) табиғатты психологиялық тәрбие құралы деп білуде, адам мен табиғат арасындағы негіздерін қарастырып: «Табиғат даусын ата-аналар да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпенен ерегісу жақсы емес адамға тек оның бұл заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады». К.Д.Ушинский сонымен қатар ой ұрығы “ұлы тәрбиеші”- деп атады. Ол баланың табиғатпен жақын өсуін кең көлемде жүргізілуін айтып «Педагогикада табиғаттың тәрбиелік құралы болар-болмас дәрежеде бағаланғаны таңқаларлық нәрсе» - деп қапа болады [27].
В.А.Сухомлинскийдің (1975) психологиялық, эстетикалық тәрбие негізінде пайдалану туралы тұжырымдары мол. Ол интелектуалдық қажырлы еңбекке жігерлендіріп тәрбиелеудегі табиғаттың ролін аша түсу міндетін қояды. «Мұндай өмір үшін табиғатпен байланыс жасаудың мүмкіндігі ұшан –теңіз» – деп көрсетті. Ғалым табиғаттың бала жанына жақындығын және табиғат сырына балалардың құштарлығын байқаған. Балаларды табиғат негізінде тәрбиелеу оның ғылыми жұмысының негізі болған. Ол: «Табиғаттың әдемілігі адам жанының тазалығын тәрбиелеуде үлкен орын алады» – деп көрсеткен. В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде қоғамды өз еңбегімен өркендетуге ат салысқан баланың табиғатқа деген көзқарасы қалыптасқаны және бұл көзқарасын табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамытуды, тәрбиенің ең негізгі мәселелерінің бірі деп білді. Сондықтан да ол, осы мәселеге байланысты: «Туған жер табиғаты – бұл жәй кішкентай адамның өсетін жерге қадамдарын жасайтын орта ғана емес, он мыңдаған өте жіңішке тамырлары қуат алып, шырын бұтақтары мен жапырақтарына тарататын құдіретті адам – ағаштың өркен жаятын ортасы» дейді [28,29].
Ал, Г.Афанасьев, В.В.Журавльев, А.Г.Спаркин, Г.С.Смирнова, А.Қасабеков, Ж.Алтаев т.б. атақты философтар оқушыларға экологиялық білім беруде «қоғам – адам – табиғат» арасындағы мінез - құлықтың сана көлем-пішіндерін жіктеу тұрғысынан қарастырды [30].
Н.В.Скалон, Б.Г.Ионгазен т.б. педагог ғалымдар оқушыларға табиғатты қорғау үшін адамгершілік, эстетикалық, патриоттық шарттарын ұсынды [25,29].
Шығыстың екінші ұстазы атанған, ғұлама ғалым Әл - Фарабидің Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан ғайыр мұра қалдырғанын бүгінгі ұрпақ мақтан тұтады. Соның ішінде адам, білім, тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге қоғамды табиғат құбылыстарын танып – білуге баулу керек деп тұжырымдайды. Табиғатты аялау, ізгілікке баулу бала тәрбиесі де ұлттық тамырдан нәр алып, бүгінгі таным –түсініктермен баюы, жаңғыруы заңды құбылыс. Педагогикада табиғат арқылы экологиялық білім қалыптастыруды философиялық ой – тұжырымдармен байланысты түсіндіреді. Ғалым философияны меңгерудегі адамның алғышарттары тазалығы, әдет – ғұрпы, дүниетанымы деп көрсетеді. Олай болса, педагогикалық тұжырымның дамуының философиялық бастауы Әл – Фараби мұралары деп білеміз [3].
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 18-ші қара сөзіндегі табиғатқа деген философиялық тұрғыдан, сонымен қатар табиғатқа байланысты көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың байлығын адам баласының таусылмас азығы екенін көрсете келіп, «Кім өзіне махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз» – деп жасөспірімді табиғат – ананы аялап сүйіп, құрметтеуге үндейді. Баланың дүниетанымы бесіктен басталады дей келіп, оның ой-санасының бастысы, білуге құштарлық деп санайды. Өсе келе үйрету құралдары арқылы жақсы іс - әрекетке, ішкі сезімдерінің қалыптасуына, адамгершілікке тәрбиелеу болса, ал баланың мінез - құлқын қалыптастырудың ең маңыздысы ұстаздарының, достарының үлгі - өнегелері қажет деп түйіндейді [17].
Еліміз мақтаныш тұтатын ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов елінің әдет –ғұрпын, салт - дәстүрін зерттей келіп, өз ұрпағын табиғатпен айналысуға жетелейтін педагогикасын жоғары бағалайды. «Табиғат ғажап, табиғаттан құпия тіршілікте не бар?» - дей отырып, халқы киеліге аса көңіл аударған. Олар айналадағы және күнделікті тұрмысқа қажетті саймандарды киелі деп құрметтеген. Осы киелілерді қастерлеп, ырым жасау қазақ баласына құт-береке, байлық әкеледі.
Қазіргі таңда жасөспірімдерді табиғатты қорғау үйретуші құрал Шоқан Уәлихановтың осы тақырып жөніндегі бай мұрасы болып табылады. Уәлихановтың табиғат пен халықтың қатынасындағы зерттеулері қазақ халқының арасындағы жағымсыз сезімдердің «Табиғатты шексіз қадірлеуінен туған» – деген ой айтады [19].
Қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсарин жастарды ата-ананың тәлім-тәрбиесін, ақыл-кеңесіне көңіл түюге шақырып «Ақыл-кеңесті алмасаң анау тұрған қисық ағашқа ұқсап өсесің» - деп өзінің тәрбиеге деген көзқарасын айтады. Сонымен қатар ақын ағарту және қоршаған орта мәселелерін сараптап арнаған шығармаларында дүниеге өзіндік көзқарасын көрсетеді.
Ағартушының өміріндегі ерекше орын алатын мәселелері мәдениеттілік пен әдет – ғұрыптың көзқарастары және маңызы. Мысалы: аққан судың сылдырауы, шалғынды көкорайдың көркі т.б. табиғат қозғалыстары «Жаз», «Өзен» деген өлеңдерінде суреттеледі. Бұл өлеңдер жастарды табиғатты қастерлеуге тәрбиелейді [18].
Экологиялық білім мен тәрбиенің тамыры отбасы мен бала – бақшадан нәр алып, дамуы керек. Ата – бабаларымыз экологиялық тәрбиені ұлттық дәстүрде наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз беріп отырған. Мысалы, «Көк шыбықты сындырма, көктей соласың», «Аққуды атпа, киесі ұрады», «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін ашып жүр, өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нұр» деген ата – баба өсиетінде не деген көрегенділік, ақылдылық бар десеңізші! Ата-бабаларымыз қазақ жол жүріп келе жатып, аға алмай жатқан бұлақ көрсе көзін ашқан екен. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге ата – бабалардың нақыл сөздерін жеткізіп, оны ұғындыру және осыған байланысты экологиялық білім беру бұл мұғалімнің міндеті болып табылады.
Қай заманда болсын қазақ халқы дәстүрінде табиғатқа тағылықпен қарау деген болмаған. Аң - құстардан бастап өсімдіктерге дейін жанашырлықпен қарап, табиғат тұнығын «обал» деп санады. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдікі, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп санады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебитеттермен танысу жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің іс – қимыл білігінің нәтижесіндегі жетістіктің кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы – бұл бағыттағы оңды нәтижелерге тек жоғары сынып оқушыларымен жүйелі түрде жүргізілген экологиялық – туристік - өлкетану қызметі арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Мектептер қызметі мен мектептен тыс мекемелердің өзара байланысы қажеттілігін осы бағыттағы әдебиеттерге жасаған талдауларында көптеген көрнекті оқымыстылар, алдыңғы қатарлы, озық ойлы, халық ағарту ісінің ұйымдастырушылары В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, С.Т.Шацскийлер дәлелдеп берді [12,13].
Мектеп оқушыларының бойында шығармашылық қабілеттер мен қызығушылықтарды дамытуда, мектептен тыс мекемелер негізгі нысана болады. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметтерінің ұжымдық түрлері, әсіресе табиғат пен қоршаған ортаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында тығыз байланыста бола алады Мектеп оқушыларының экологиялық білімділігі мен тәрбиелілігі олардың экологиялық санасына байланысты, яғни олардың барлық қызметі мен мінез – құлықтарын, бұрынғы ой – пікірлері мен көзқарастарына өзгеріс енгізудің қалыпқа келтіруші құралы деп түсінуге болады. Мектеп оқушыларының экологиялық білім мен тәрбиесінің педагогикалық үрдісі психологиялық, педагогикалық қайшылықтарды шешу мен ғылыми болжамдарды салыстыру әдістері, осы негізде қоршаған орта мен туған өлкенің, табиғи ортаны сауықтыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Атақты шетелдік педагогтардың табиғатқа деген көзқарастарына сүйенер болсақ, табиғатқа деген сенімді көзқарас қалыптаса қойған жоқ. Қуатты тәрбие күштеріне сүйене отырып, олар адам мен табиғат бірлігінің тиімді жолдарын іздестірді, ал егер осы бағытта тапқан жаңалықтары болса, оны тәрбие мақсатына пайдаланып отырды.
Б.Т.Лихачев жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мәселесін қарастыра келіп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Коменскийдің өсиет етіп кеткен тәрбиенің табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесінің жетекші құралы деп түсіндірді.
Жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың экологиялық білімі мен тәрбие үрдісіндегі негіз ретінде мектеп оқушыларының қоршаған ортамен байланысы, бірлігі алынған. Қазір балаларға санасы мен көзқарасына әсер ететіндей тұтас экологиялық білім мен тәрбие жүйесін бере отырып, табиғаттағы, космос кеңістігіндегі және қоғамдағы барлық құбылыстарға адамның қатысы бар екендігін ұғындыру қажет.
А.А.Остапец-Свешников өзінің көптеген зерттеулерінде экологиялық білімге, әсіресе, сынып сабақ жүйесінде жоғары мән берілетіндігін, бірақ бұл білімдердің күнделікті өмірде қолданыла бермейтіндігіне тоқталып өтті.
Н.С.Дежникова экологиялық білім мен тәрбиені балалардың рухани дамуына әсер ететін, олардың экологиялық көзқарастарын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Оның ойынша, экологиялық тәрбиенің деңгейі оқушылардың қоршаған ортаға құнды деген көзқарастары туралы қалыптасқан білім жүйелерімен анықталады. Сондай– ақ жоғары сынып оқушылары И.Мучириннің «Адам- табиғаттың бір бөлшегі, ол табиғата биологиялық жағынан ғана емес, рухани жағынан да тәуелді, табиғаттағы барлық байлықты дұрыс жолмен ғана пайдалануға болады, табиғаттан адам үйлесімдік пен тұтастықты, сұлулықты үйренуі керек» деген қағидасын тиісті дәрежеде түсіндірулері қажет [14].
Экологиялық білім мен тәрбие балалардың рухани жетілуіне үлкен әсер етеді. Осы білімді меңгеру барысында балалардың қоршаған орта, оның қалыптасуы мен маңыздылығы туралы түсінігі қалыптасады.
Экологиялық білім беруді енгізуде адамдардың қоршаған орта мен қарым-қатынас жасауды қалыптастыруда мектепте оқылатын әр пәннің тәрбие жұмыстарының қоғамдық мүмкіншіліктерінің бәрін ТМД елдері бойынша П.В. Иванов «Оқушылардың табиғат қорғау жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өз туған өлкесінің табиғатын оқып үйренуді», И.Д.Зверев «Экологиялық білім берудің теориялық негізін, табиғат қорғаудан білім беруде пәнаралық байланысты», Л.П.Салеева «Төменгі сынып оқушыларының табиғатқа жанашырлық қатынасын қалыптастыруды», Б.Г.Иоганзен «Оқушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауға дағдылану әдістерін», Я.И.Габев «Табиғат қорғау туралы білімнің теориялық негізі» туралы зерттеген. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруге байланысты экологиядан А.С.Бейсенова (1991), А.Г.Сармузина (1996), К.Сарманова(1996), А.Б.Бигалиев, Ж.Шілдебаев(2000), физикадан М.К.Хакимова(1987), Э.А.Тұрдықұлов(1982), М.И.Уралов(1988), А.Д.Болтаев(1994), Ғ.К.Длимбетова, географиядан И.Н.Родзевич(1986), С.В.Васильев(1987), Т.В.Кучер(1990), Ұ.Ә.Есназарова(1996), Р.Төлегенова(1997), қазақ – тілі мен әдебиетінен Ө.Т.Танабаев(1992), биологиядан Ш.Қарамергенов(1980), И.Г.Суравегина(1986), Т.В.Машарова(1992), С.Орынбеков(1996), табиғатанудан Л.П.Салеева(1978), М.Н.Сарыбеков(1984), Е.А.Гринева(1985), Д.І.Жангельдина, химиядан В.М.Назаренко(1985), математикадан Қ.Н.Сарыбекова(1999) және сыныптан тыс жұмыстар негізінде экологиялық тәрбие беруден Қ.Ж.Бұзаубақова(1997) т.б. жазды [31].



Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеген ғалымдар





Сабақтар

Авторлар




























Сурет 1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеген ғалымдар.


Ғалымдардың басым бөлігі экологиялық білім беру жайлы жеке адамның іс-әрекетінде байланысатын, табиғатқа деген моральдық жауапкершілік деңгейінің қалыптасуы экологиялық сезімі болатынын көрсетеді.
Е.М.Кудрявцева(1980) экологиялық тәрбиенің психологиялық табиғатын қарастырып, оны іске асырудың қажеттілігіне ерекше назар бөлді. Ол табиғатты қорғауға адам бойындағы сенімге мән беріп, оның негізгі компонентіне баса назар аударды. Олар бірнеше компоненттерге бөлінеді.
1. Интеллектік (ойлылық) компоненті: сенім негізіндегі экологиялық білімді дүниетанымдық сипаттағы интеллектік іскерлікті себепті ойлау тәсілдерін меңгеруі.
2. Жеке даралық компоненті: қатынас пен бағалаудың себебі табиғат қорғау әрекетіне мақсат қою және себептің дәлелі, моральдық бағыттылығы, табиғатты қорғау қажеттілігін ұғыну.
3. Ішкі дайындығы: субъектінің өзіндегі бар біліміне сәйкес ниеттенуге байланыстылығын ұстанған жолының әрекетке дайындығы [15].
Осы компоненттердің әр қайсысының өзіндік мәнін ұғыну, олардың органикалық бірлікте болуын қамтамасыз ету, табиғатқа жауапкершілік қалыптастыруда оқушының қасиетін ескере отырып жүргізуге негіз болды.
Экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері А.Н.Захлебныйдың еңбектерінде байқалады.
А.Н.Захлебный(1981) жалпы білім беретін мектептегі екі әлеуметтік мақсатқа жетуге бағыттауды ұйғарды. Олар мыналар:
1. Оқушылардың мінез-құлқында және әр түрлі іс-әрекетінде қоршаған ортаға жауапкершілік нормаларын сақтауға тәрбиелеу.
2. Қоршаған ортаны көркейтіп қорғауда оқушылардың ұқыптылықпен пайдалану дағдысына үйретуді ұсынады [31].
Ғалым – педагогтар мен ғалым - әдіскерлер экологиялық білім мен тәрбие берудің мәнін ашқанда табиғатқа саналы қарым – қатынас жасап, оны қорғайтын, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланатын, туған жерін сүйетін жастарды адамгершілікке тәрбиелеуді талап етеді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып, экологиялық білім берудің мақсаты – жастарды айналадағы табиғи ортаға жауапкершілікпен қарау керек екендігін анықтадық.
Зерттеушілер қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық анықтауға ұмтылады.
Қазіргі заман талабы тұрғысынан алып қарастырар болсақ, бүгінгі мектеп оқушыларының жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткіздік. Ендеше оқушыларға ақпараттық, компьютерлік, модульдік және инновациялық оқыту технологиялары негізінде экологиялық білім беру идеясын олардың қолдап шығатынына сенімдіміз. Оқушылардың қолдауына ие бола отырып, оның қажеттілігіне сене отырып, біз енді нақты қай технология негізінде жүргізуді, оның тиімділігі қандай болады, қиыншылық неде деген мәселелер төңірегінде ойлануды жөн көрдік.
Педагогикалық қызметте енгізілген жаңалықтың қандай жағымды жақтары бар, ол қандай табысқа жеткізу мүмкін, кемшіліктері жоқпа, оның салдары қандай болуы мүмкін деген сияқты сұрақтар туындайды. Білім беру үрдісінде педагогикалық инновация басқаша түрде қарастырылады. Олар:
1.Дәстүрлі алты күндік жұмыс аптасы сақталатындай жүйе енгізу.
2.Сабақ берудің әдісі мен әдістемелері өзара сабақтаса отырып, сабақ
пен сабақтан тыс жұмыстардың мазмұнын байыта түсу.
3.Білім берудің халықаралық стандарттарына сай ізденісін арттыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет