Тақырыбы: Психологиядағы пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелерін анықтау, білім сапасын арттыру


-білім берудің сапасын қамтамасыз ететін, оның жаһандануымен, ашықтығымен байланысты Болон үдерісінің идеялары іске асуда



бет12/36
Дата19.05.2022
өлшемі89.26 Kb.
#457553
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36

-білім берудің сапасын қамтамасыз ететін, оның жаһандануымен, ашықтығымен байланысты Болон үдерісінің идеялары іске асуда.

Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу.

Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мыналар:

Мақсат.

Педагог

Оқушы, білім

Оқыту әдістері.

Оқытуды ұйымдастыру түрі.

Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.

Педагогикалық диагностика.


2. Дәрістерді психологияныоқытуда пайдалану жолдары
Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда ғылым біріншіден, білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма ретінде анықталад
.Психологияны оқытудың мақсаты бір жағынан ғылыми-психологиялық білімдердің мазмұны арқылы анықталса, екінші жағынан бұл білім оқытылатын білім беру аймағы бағдарламасы типіне байланысты келеді.
Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден, осы білімдерді меңгерту бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады
Осылайша бұл екі түсінік бір жерде қиылысады, бұл – білімді жүйелендіру.Оқу пәні В.И.Гинецинскийдің анықтамасына сәйкес ғылыми пән негізгі дидактикалық жүйеленген түрде түсіндіру болып табылады.Оқу пәнінің дәстүрлі түсінігі орта ғасырлық университеттерден бастау алады. Оқу пәні пәндік білімнің барлық қасиеттерін сипаттап, жүйелік және құрылымдық функцияны атқарады. Осы кезде сапалық деңгейлік ерекшеліктер ескерілмеді.Жаңа уақыттағы ғылыми және оқу пәнін ажырату басталды. Оқу пәні, әдетте, оқу-танымдық іс-әрекетті әр түрлі жүйелер ретінде қарастырылады.
Оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын анықтауда келесі сұрақтар туындайды§ Оқу пәні осыған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс пе?§ Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі психологиядан айырмашылығы неде?§ Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс?§ Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?Осылайша ғылыми пән – бұл зерттеушілерге бағытталған білімдер жүйесі, ал оқу пәні – оқушыларға бағытталған білімдер жүйесі болмақ.Оқу пәнінің құрамына екі компонент кіреді
1. Білімдер жүйесі;
2. Меңгерілуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі.
Оқу пәнінің екі құрамдас бөлігін талдауда келесі факторлар ескерілді. Оларды толығырақ қарастыра кетейік:
1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым жүйеленген болса, соғұрлым ғылыми пәннің оқу пәні болуға мүмкіндігі жоғары болады.
2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы бар.
3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі, типі және мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әр түрлі болуы тиіс:
. Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма;
. Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла ма;
. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр ма;
4) Оқушылар мен студенттердің жас ерекшелігімен, даму деңгейі, даралық психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге деген қызығушылық.
5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу пәнін оқушылар мен студенттердің білімін негізге ала отырып құруы тиіс. Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, ұғымдарды игеру қабілетіне қарай түрліше құрылады.
6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді игеру процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу пәнін игеру дәріс, семинар, практикалық, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін.
7) Дидактикалық материялдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы, нақты тапсырмалары, көрнекі материалдары, бақылау сұрақтары болуы мүмкін. Психологияны оқыту әдістемесі кез-келген педагогикалық пән ретінде педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту болғандықтан ғана оқыту психологиясы психологияны оқыту әдістемесінің негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі пәннің мазмұнына қатысы жоқ.Педагогикалық психология тұрғысынан алғанда оқушы мен оқытушының әрекеттерін ажырата білу қажет. Студенттің оқу әрекеті оны жоғары дәрежелі маман етеді, ал оқытушының әрекеті студентті маманға айналдырудың тиімді жолдарын қамтамасыз ету болып табылады. Осы себептен ғылыми негізделген оқыту әдістемесі үшін студенттің оқу әрекетінің психологиялық шарттарын, нақтырақ айтсақ, білімді игерудің (психологиялық механизмдерін) дайындалып жүрген болашақ мамандығының кәсіби әрекетінің дағдылары мен іскерліктерін игеруінің психологиялық механизмдерін ашуды қарастрыу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет