Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпаратты ұсынуды Қазақстан Республикасының Президенті құратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган және уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелері құрайды.
Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.
Уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, жергілікті және басқа соттарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Сот жүйесінің бюджеті соттардың өз конституциялық өкілеттіктерін орындауын толық қамтамасыз етуге тиіс.
Сот жүйесінің шығыстары өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджетте белгіленген барлық мемлекеттік органдардың 001-бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарының жалпы сомасының кемінде алты жарым пайызын құрайды.
Республикалық бюджетті нақтылау, республикалық бюджетті түзету немесе секвестр жүргізу нәтижесінде барлық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың жалпы сомасы төмендеген жағдайда республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстардың мөлшері азайтуға жатпайды.
Республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстар секвестрлеуге жатпайды.
Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылау, түзету кезінде республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстар азайтуға жатпайды.
Сот жүйесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ағымдағы әкімшілік шығыстар лимиті белгіленбейді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000132_
1995 жылғы ҚР Конституциясы (23.03.2019 ж. өзгертулермен)
Кенжалиев З.Ж., Ким В.А. Қазақстан Республикасында конституциялық заңнаманың дамуы: оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 116 б.
Жарболова А.Ж. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы бойынша дәрістер кешені. – Алматы: Қазақ университеті, 2012.
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |