Тақырыбы: «Республиканың сот жүйесі: ұйымдастырылу деңгейі және қызметі»


) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады



бет4/6
Дата24.04.2023
өлшемі26.93 Kb.
#472650
1   2   3   4   5   6
Тақырыбы «Республиканың сот жүйесі ұйымдастырылу деңгейі және -melimde.com

4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі.

3. Облыстық соттың төрағасы уақытша болмаған жағдайда мiндеттердiң атқарылуын облыстық соттың төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеудi жүзеге асырады, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының мiндеттерiн уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты



Жоғарғы Соттың өкілеттігі

Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.




Жоғарғы Соттың құрамы

Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.




Жоғарғы Сот құрылымы

жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар; азаматтық істер жөніндегі сот алқасы; қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы; әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.


Жоғарғы Сот төрағасы

Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар: жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады; сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы;Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi; Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi; Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi. қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi; заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi; өкiмдер мен бұйрықтар шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет