Жоғарғы сот
Жергілікті сот
Облыстық және оған теңестірілген соттар
Аудандық және оған теңестірілген соттар
Сот жүйесінің бірлігі
№
|
Қазақстан Республикасының сот бірлігі
|
1.
|
Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен қамтамасыз етіледі;
|
2.
|
Сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі;
|
3.
|
Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен қамтамасыз етіледі;
|
4.
|
Заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;
|
5.
|
Заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;
|
6.
|
Барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
| Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi – аудандық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.
Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынуы негiзiнде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |