Тақырыбы: Тұлға – саналы таңдау және өзін-өзі анықтау субъектісі ретінде. Жеке тұлға дамуы туралы теориялар



бет12/16
Дата05.12.2022
өлшемі58.82 Kb.
#466558
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Тұлға саналы таңдау және өзінөзі анықтау субъектісі ретінде.

Өктемшіл (диктатор) - өз айтқанын орындатқысы келеді, бұйрық беруге, беделділердің сөздерін келтіруге құмар. Оның түрлері: Бастық, Босс, Шеф...
Жігерсіз – (өктемшілге қарама-қарсы) өзіне өзі басшылық жасай алмайтын адам (тряпка) – диктатордың құрбаны, көлеңкесі. Оның түрлері: «Хамелеон», Ақымақ, Конформист, Ұялшақ, Жасқаншақ.
Есепшіл - өзгелерді алдап, алдап, өтірік айтып күн көреді. Түрлері: Аферист, Пысықша (деловой, тек өз пайдасына шешетін), Құмарпаз, Рекламщик, Бәлеқор.
Жабысқақ – (есепшілге қарама-қарсы) тәуелді болғанды ұнатады, беделділермен байланыстары бар екеніне мақтанады, өзгелер жетелеп, алдап, арбап жүргенді қажетсінеді. Түрлері: Арам тамақ (жатып ішер, паразит), Уайымшыл, Басқаларға арқа сүегіш (иждивенец), Дел-салдық (ипохондрия – дене көтере алмайтын ауру), Дәрменсіз (беспомощный).
Хулиган - өзінің агрессивтілігін мақтанышпен көрсеткісі келетіндер. Түрлері: Қорлаушы, Жексұрын, Гангстер, Қауіп төндіретін, әйелдерде – қазымырлық (тілі сүйектен өтетін).
Жарқын жүзді – (хулиганға қарама-қарсы) ізеттілігіне көңіл аудартады, барлық уақытта утысқа ие болады, оның ақ көңілділігінен жексұрынның тікмінездігі жақсы. Түрлері: Жағымпаз, Өкімет адамы, Өсиетші, Тілектес.
Әділ қазы (судья) – ешкімге сенбейді, баршаны кінәлайды, кешіруі өте қиын. Түрлері: Білгір, Бағалаушы, Әшкерелегіш (обличитель), Кекшіл, Дәлел жинағыш, Кінәны мойындатқыш, Айыптағыш.
Қорғаушы - әділ қазыға қарама-қарсы көрсеткіштермен сипатталады. Кешірімді екендігін анық байқатады, жұмсақ мінезді және түсінгіштігімен басқалардың тәртібін төмендетіп, өзіне бағыныштылардың өсуіне кедергі жасайды. Өз жұмысын орындаудың орнына өзгелерге қамқор болып жүреді. Түрлері: Ұябасар (шөжелі тауық), Жұбатушы, Жебеуші (құпия қамқор), Жәрдемші, Шәкірт, Жанкешті (самоотверженный).
Тұлғааралық қатынаста Манипуляторлардың осы типтердің біреуінің көрсеткіштері аса дамыған, кейде бірнешеунің көрсеткіштері қатар келеді.
Манипулятордың өмірлік философиясын келесі төрт ұғымдармен жеткізуге болады: өтірікшілік, жете түсінбеушілік, қадағалаушылық, шектен шыққан арсыздық.
Манипуляторға қарама-қарсы сипаттағы тұлғаны актуализатор деп атайды. Актуализатордың кредосы: шыншылдық, түсінгіштік, бостандық және сенім білдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет