Қанаушы (эксплуотатор) бағытындағылар – бұлар да барлық игілік, қажетті нәрселер сырттан келеді, өзгелер оның қажеттілігін толық қамтамасыз етуі керек деп есептейді, дегенмен ешкім өз еркімен ешнәрсе бермейді, барлық материалдық және рухани байлықты зорлық-зомбылық немесе құлық көрсетіп алу керек. «Ұрлап алған жеміс ең дәмді жеміс» деген ұранды басшылыққа алып, әр адамды одан нені алуға болатыны жағынан бағалайды. Өзгелермен қатынасында сенімсіздік, арсыздық, агрессивтілік, қызғаншақтық және күншілдік білдіреді.
Пайдакүнем бағытындағылар – бұл типтегілер өмірде табысты болуына күмәнданады, сондықтан барын шашпай-төкпей ұстауға тырысады, олар өздерін сақтау «қорғанын» соғып алады да, сол қамалға көбірек нәрсе тасып алуға және одан ешнәрсе шығармауға тырысады. Махаббат сферасында - өзінің сүйген адамын меншіктеніп алып, оған ешқандай бостандық бермейді. Материалдық сферада сараңдық, ерекше пысықтық білдіреді. Барлық нәрсесі өз орнында, ерекше тазалық сақтау. Өз айтқанынан қайтпайтын бірбет, өзгелерден күмәнданғыш. Оның ұраны «Менікі – менікі, сенікі – сенікі», ешқандай алыс-беріс болмауы керек.
Нарықтық бағытындағылар – қазіргі кездегі доминанта болып отырған тип. Өзін тауар ретінде бағалайды, сондықтан барлық қабілеті мен өнерін жарнамалап, сұранысқа ие болуға тырысады. Ол бәсекелестікке құмар, сондықтан өзіне сұраныс көп болса, ол өзін бақытты адаммын деп есептейді. Сондықтан оның құндылықтар жүйесі тұрақты емес, барлық қоршаған адамдарды олардың адамгершілік қасиетімен емес, табысымен бағалайды.
Өнімділікке бағытталғандар типі. Іс-әрекеттік қатынас моделдері деп атаған. Бұл типтегілер өзіне қатынасында ізгі ниетпен, өзінің барлық мүмкіншіліктерін ашып, табысты болуды, жемісті еңбек етуді көздейді, соған бағытталған. Табыстылық пен белсенділік синонимдер емес. Гипноз жағдайында да белсенділік элементтерін көрініс береді, бірақ ол өзгелердің күшімен шақырылған белсенділік, егер адам басқалардың айтқанын ғана орындайтын болса, ол белсенділік, бірақ жемісті қызмет жасады деп айту қиын.
Табысты болу деген адамның жан саулығы күшті, өзінің ақыл-ойымен көп нәрсенің мән-мағынасына терең түсініп, өзінің барлық потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қажырлы еңбек етеді, табысты болады. Ол еңбекте қажырлы, қарым-қатынаста ізгі ниетті, ойшыл.
Достарыңызбен бөлісу: |