Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер. Жоспары



бет12/32
Дата15.05.2024
өлшемі73.47 Kb.
#501179
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Лекция(8-15) Токсикология

Клиникалық белгілері. Улану жіті түрінде өтеді. Алғашқы белгілері өсімдікті жегеннен кейін байқалып, 12-14 сағат бойы білінеді. Шәйқураймен уланғанда тәбеттің төмендеуі, сілекей ағуы, ауыз қуысының кілегейлі қабатының қабынуы секілді белгілері байқалады.
Балау. Шәйқурайдың улану белгілері фагопиризм мен бедеден улануға қатты ұқсайтын болғандықтан балауды нақтылау үшін анамнез деректеріне назар аударып, жайылымды зерттейді.
Емі. Ішек қарын жолдарын іш өткізгіш заттармен тазаланған дұрыс. Терінің зақымдалған жерлерін хирургиялық жолмен емдейді.
Алдын – алу шаралары. Алдын алу үшін ақ жануарларды басқа жайылымға ауыстыру немесе оларды тікелей күн сәулесінің қорғауы ұсынылады.
Қарамық. Терісі пигменттелмеген жануарларды қарамықпен азықтандырса, қарамық бөртпесі деген ауру байқалады. Көбінесе шошқа мен кой ауырады, ірі қараның жасыл өскінін жеп, уланған жағдайлары кездескен.
Клиникалық белгілері. Жеңіл түрде уланғанда терінің пигменттелмеген жерлерінде қызару, аздап домбығу, ауырсынулар байқалады. Малдар қозады. Жан-жағындағы заттарға сүйкенеді, мазасызданып, ары бері жүгіреді.
Балау. Қорытынды балауға сәйкес келетін анамнез мәліметтері мен ауруға тән клиникалық көрініске қарап қойылады.
Емі. Симптоматикалық.
Алдын-алу шаралары. Қарамық бөртпесі пайда бола бастаған кезде малда қарамық егістіктеріне жаюды доғарады. Ашық күндері қарамықпен жабық қорада тұратын малдарды ғана азықтандыруға болады.
Тары. Көк тарымен ірі қара және ұсақ малды азықтандырғанда қарамықпен азықтандырғандағыдай улану белгілері байқалады.Бұл ауру – тары токсикозы деп те аталады.
Тарыдан улану қойларда жас кезінде ауыр өтеді. 3-8 айлық қозылар уланса, өлімге ұшарайды.
Тарының уытты заты, нафтодиянтрон туындылары пигменттеріне жатады. Бірақ бұл заттың дәл құрлымы әлі анықталмаған
Аурудың жіті түрі өліммен аяқталуы мүмкін.Созылмалы түрінде өткенде теріде өзгерістер байқалады: іріңдемелер, баста жаралар пайда болады, терісі домбығады.
Тарыдан уланудан емі мен алдын алу шаралары басқа фотодинамикалық қасиеттері бар өсімдіктердегідей жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет