Клиникалық белгілері. Ірі қара малда улану жіті түрде де созылмалы түрде де өтеді. Аурудың өтуіне байланысты клиникалық белгіліері де әртүрлі болуы мүмкін.
Негізінен улану тәбетінің төмендеуінен, шөлдеу, сүттің азайып қалуымен байқалады. Дене қызуы қалыпты, күйзеліс, бұлшқы еттерінің сіресуі, әлсіздік көрінеді. Тыныс алуы терең, жиілеген. Кілегей қабықтар көгеріп, жүрек жұмысы әлсіреген, тамыр соғуы жиі (80-100 рет минутына).
Уланған малдардың көпшілігінде месқарынның тимпаниясы және ішектер перисталтикасы әлсірегені байқалады. Нәжісі сирек бөлінеді. Жіті түрінде ауру 2-3 тәуліктен арыға созылмайды. Өлім көрсеткіші жоғары (35% - ға дейін). Созылмалы түрінде клиникалық белгілері әртүрлі. Мал тез арада арықтап кетеді.
Клиникалық белгілері. Ірі қарадағыдай – азықтан баз тартады, іші кебеді, құсу, ентігу, ауыз бен мұрын қуысынан көбікті сұйық ағады, дене қызуы қалыпты. Улануды балау өте қиын емес, энфефалиттен ажырата білген жөн.
Болжам. өлім көрсеткіші жоғары болғандықтан болжам қолайсыз. Шошқаларда әсіресе торайларда өлім көрсеткіші 67% - ға дейін жетеді. Ересектерін лажсыз сояды. Ірі қара малының да арасында өлім-жітім кездесіп тұрады.
Емі. Мақта күнжарасы рационнан біртіндеп алынып тасталып, симптоматикалық ем жүргізіледі. Осы күнге дейін ауырған малды емдейтін тиімді ем табылған жоқ. Іш өткізгіштерді берсе, глаубер тұзы және сода клизмасын жасаса жақсы нәтиже береді.
Жүрек препараттарынан кофейнді қолданған дұрыс. Марганец қышқыл калийді (1:1000) тұз қышқылымен ( HCI ) араластырып, күніне үш ас қасық зондпен енгізгенде жақсы әсер етеді. бірақ симпатикалық ем әр кезде жақсы нәтиже бермейді.
Патологоанатомиялық өзгеріс. Ірі қараның қатпаршағында ірі азық толы екендігін көруге болады, мөлшері екі есеге ұлғайған. Кілегей қабықтар бозарған. Кеуде және құрсақ қуыстарына сұйықтық жиналған. өкпе қанталаған және ұлғайған, жүрек еті босаңсыған. Ішек ұзына бойына катаральды-геморрагиялық қабынған. Бауыр, ккбауыр, бүйрек босаңсыған, қан құйылу орындары бар. өт қабы өтке толған, ұлғайған. Қан сұйылған, шошқаларда да дәл осындай көрініс байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |