Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер. Жоспары



бет29/32
Дата15.05.2024
өлшемі73.47 Kb.
#501179
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Лекция(8-15) Токсикология

Күнжара (жмых, шрот)


Күнжара (жмых, шрот). Күнжара құнарлылығы бойынша өте құнды азық болып саналады. Олардың құрамында 8-12% ға дейін май және протеин сияқты құнарлы заттар болады. Жмых престелген түрі шрот-ерітінді түрі.
Күнжарадағыдай сығындау жолымен емес, шроттардан май еріткіштер арқылы алынатын болғандықтан майы аздау, ақ заты мол болады.
Зығыр күнжарасы. Малдардың улануының себебі синиль қышқылының түзілуінен туындайды. Күнжараның әр сұрыбындағы мөлшері әртүрлі болады. Бұл зат температура мен ылғалдыдылықтың әсерінен гидролизге тез ұшырайды. Доңыздар улануының бірнеше жағдайы тіркелген. Клиникалық көріністер мен өтуі уланудың негізгі себебі синиль қышқылдығы екенін көрсетті.
Рапс күнжарасы. Зығыр күнжарасының иісі мен қара сұр түстілігімен ерекшеленеді. Құрамында синигрин мен санальбин гликозидтері бар. Бұл гликозидтер эфир-қыша майларына ыдырай отырып, улану тудырады. өзіне тән клиникалық көріністері бар. Азық ретінде рапс күнжарасын пайдалану белгілі бір нұсқау бойынша жүргізіледі.
Мақта күнжарасы. Мақта тұқымдарынан алынатын күнжараның маңызы зор. Бұл күнжараның құнарлығы жоғары, бірақ малдар жаппай улануы мүмкін.
И.Е.Мозговтың жүргізген жан-жақты зерттеулері мынаны көрсетті: мақта күнжарасы мен шрот жақсы құнарлы азық. Оны жас малға да, өнім беруші және жұмыс машығындағы малдарға да азық ретінде беруге болады.
Мақта күнжарасынан ауыл шаруашылық малдарының улануының негізгі себебі, мақтаның қабықшасында болатын госсипол деген затқа байланысты.
Госсипол - суда ерімейтін, сілтілерде жақсы еритін сары түсті зат (формуласы ). Тұқымдарда госсиполдың мөлшері әртүрлә факторларға байланысты 0,04% -дан 2,5% аралығында ауытқиды. Әсіресе піскен тұқымда госсипол көп болады. Дәннен майды бөліп алғанда госсиполдың 3/4 бөлігі алынады да, 1/4 бөлігі күнжарада қалады. И.Е.Мозговтың пікірі бойынша, малдың улануы үшін госсиполдың осы мөлшері де жеткілікті. Мақат шротын малға бергенде зиянсыз, себебі оның құрамында госсиполдың мөлшері аз немесе тіптен болмайды.
Құрамында 0,02% дан төмен госсипол бар күнжараны уытты деп саналмайды. Госсиполдың мөлшері мұнан көп болса, малдарда улану тудырады ( берген күнжара мөлшеріне байланысты). Сондықтан тәуліктік рациондағы күнжараның мөлшерін үнемі бақылап отыру қажет.
Госсипол кумулятивті әсер ететін у екендігін ұмытпау қажет, сондықтан улану белгілері бірақ уақыттан кейін (15/ тәуліктен соң) байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет