Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу



бет16/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Зертханалық жұмыс 10.


Тақырып: Балмұздақ өндірісіндегі технохимиялық бақылау сұлбасын зерттеу.


Жұмыстың мақсаты: Балмұздақ өндірісіндегі технохимиялық бақылау сұлбасын зерттеу.
.

Шикізат: балмұздақ


Балмұздақ өндірісінің технологиялық процесіне бақылау
Күнделікті кезекші лаборант немесе химик салқындатылған қоспаның химиялық талдауын жасай отырып, әрбір балмұздақ партиясы бойынша рецептуралық есептің дұрыстығын тексереді. Ол үшін май мен құрғақ заттардың массалық үлесін анықтайды. Талдау нәтижелерін рецептуралық есептегі мәлеметтермен салыстырады.
Вафельді өнімдердің бақылауын өндірістің барлық стадияларында жүзеге асырады. Шикізат, вафельді қалдықтар, және дайын өнім бақылауға алынады. Лаборотория вафельді өнімдерді өндіруге пайдаланылатын вафельді қалдықтар мен бастапқы шикізат құрамын бақылап, ауысым мастеріне немесе цех бастығына хабарлап отырады.


Жұмыстың материалдық қамтамасыз етілуі: сүтке арналған май өлшегіштер, центрифуга, 250 мл, 500 мл цилиндрлер, 100 мл, 200 мл колбалар, 1%-тік фенолфтолеин, 0,1 н натр ерітіндісі, күкірт қышқылы (1,50-1,55 г/см3), изоамил спирті.


Майлылығын анықтау.
Cүтке арналған майөлшегішке 5 гр балмұздақ өлшеп саламыз.16 мл (1,50 - 1,55 г/см3 тығыздықтағы) күкірт қышқылын құйып және 1 мл изоамил спиртін қосамыз. Құрғақ пробкамен жабамыз,араластырамыз.Сүттің ақуызы еру үшін, майөлшегішті 65+2°С температурада (пробкасын төмен қаратып) 5 минутқа су моншасына қоямыз. Майөлшегішті су моншасынан алып, центрифугада 5 мин айналдырамыз. Центрифугалап біткен соң, 65+2°С температурадағы су моншаға 5 минутқа қайта саламыз, сосын майды өлшейміз. Майдың пайызын 2,2-ге көбейтіп майлылығын табамыз.

Қышқылдығын анықтау.
Химиялық стаканға 5 гр балмұздақ салып, оған 30 мл дистилденген су құямыз. Жаксылап езіп араластырып, содан кейін 3 тамшы 1%-тік фенолфтолеин қосып, 0,1н сілтімен титірлейміз, ашық күлгін түс пайда болғанша, титрлеуге кеткен сілтінің мөлшерін 20 көбейтеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет