Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу


Құрғақ сүттің ерігіштігін анықтау



бет29/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Құрғақ сүттің ерігіштігін анықтау
Пергамент қағазына 1,2-1,25 г толық құнды құрғақ сүт немесе 0,9 г майсыз құрғақ сүтті өлшеп алады және оны центрифугалық пробиркаға салады, оған 4-5 мл су қосады (65-700С). Пробирканың ішіндегісін біркелкі масса болғанша езеді. Жоғарғы белгісіне дейін су құяды. Пробирканы тығынмен жабады, мұқият араластырады және су моншасына (65-700С) 50 мин қояды. Пробиркаларды центрифуганың патронына салады. 5 мин центрифугалайды. Центрифугалау аяқталғаннан соң тұнбаның көлемін есептейді. Пробирканы тығынымен төмен аударады, бұл кезде тұнбаның көлемі анық көрінеді. Жылдам тұнба шекарасы тұрған бөлімдерді есептейді.
0,1 мл тұнба көлемі 1% құрғақ ерімеген сүт тұнбасына сәйкес.


Сүт консервілерінің титрлік қышқылдығын анықтау

Өнімнің үлгісін (5 г) өлшеп алып, оны фарфор ыдысқа салады да, температурасы 35-45 0С 50 мл дистилденген суды ақырындап құйып, мұқият езеді. Оған 3 тамшы 1% фенолфталеин ерітіндісін қосады, сосын 0,1 н сілті ерітіндісімен ашық қызғылт түс пайда болғанша титрлейді. Титрлеуге кеткен сілтінің мөлшерін 20 көбейтіп, қышқылдығын анықтайды.




Гербер әдісімен сүт консервілеріндегі майдың мөлшерін анықтау

Сүт майөлшеріне 10мл күкірт қышқылын (1,50-1,55) құяды. Пергамент қағазында 2 г өнімді өлшеп алады, оны шыны таяқшаның көмегімен майөлшерге салады. Оған 10 мл күкірт қышқылын, 1 мл изоамил спиртін қосады. Майөлшерді резиналы тығынмен тығындап, температурасы 65 - 67 ° С су моншасына 5 мин. саламыз, тығын жағын төмен қаратып қоямыз. Айтылған уақыт өткен соң бутириметрді алып 5 мин. центрифугада айналдырамыз. Содан соң қайтадан 5 мин. 65 - 67 ° температурада су моншасында ұстаймыз. Ваннадағы судың деңгейі бутириметрдегі ерітіндінің деңгейінен жоғары болу керек, әйтпесе салқындаған майдың көлемі көрсеткіштен аз болады.




Сүт консервілерін Чижова аспабының көмегімен ылғалдылығын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет