Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет168/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   181
1 2019

1-
тапсырмаМәтін мазмұнын «төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтыңдар.
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады. 
Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 
Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. 
Мақсаты: мәтін мазмұнын түсініп, ойын нақты, жүйелі айтуға дағдыландыру. Нәтиже: оқушы мәтін 
мазмұнын түсініп, өз ойын қысқа жеткізе білуге үйренеді. Дескриптор: мәтін мазмұнын түсінеді; ойын 
жүйелі жеткізеді; өмірмен байланыстыра алады. 
 2-
тапсырма. Шешендікті не себепті «өнер падишасы» деп бағалаған? Осы тақырыпта ойбөлісіңдер. 
Мақсаты: пікір таластыра отырып, әртүрлі көзқарастардың нәтижесінде дұрыс, ортақ бір шешімге 
келуге дағдыландыру. Нәтиже: Пікір таластыра отырып, әртүрлі көзқарастардың нәтижесінде дұрыс, 
ортақ бір шешімге келеді. Дескриптор:ойбөліске қатысушылар өзара түсініседі; бір-бірінің ойларын 
толықтырып отырады; сөйлеу мәдениетін сақтайды. 
 3-
тапсырма. Қазақ халқында жер, жесір, құн дауын, ру мен ру арасындағы дау-жанжалдардың 
шешімін екі ауыз сөзбен айтатын от тілді, орақ ауызды билер шешіп отырған. Ал қазіргі таңда бұл 
мәселелелерді шешудің қандай жолдарын ұсынар едіңдер? «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы шешудің 
жолдарын ұсыныңдар. 
Мұғалім берген мәселеге әрбір оқушы өз ұсынысын айту үшін ойланады. Оқушылар жұптарға бөлініп, 
өздерінің ең үздік деген ұсыныстарын біріктіреді. Өздерінің ұсыныстарымен сыныппен бөліседі. 
Мақсаты: оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру. Нәтиже: Оқушылар бір-
бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді, идеяларын дамытып, оны сараптап, 
еркін жеткізе алады. Дескриптор: мәселенің туу себептері мен шешу жолдарын анықтайды; өз біліміне 
есеп беріп, бағалауға үйренеді;өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра алады. 
Тапсырмалар бойынша оқушының оқу жетістігін төмендегідей бағалау критерийі арқылы бағамдауға 
болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет