Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет172/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   181
1 2019

авторитарлық (мұғалім оқушының кімнен отыратынын, кіммен жұмыс істейтінін тек өзі ғана шешеді)» 
деп жіктейді [2].
У.Б.Жексенбаева мен Г.Б.Ниязова педагогикалық тілдесім туралы айта
келіп, «оның нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша түрлі 
байланыс құралдарын қолдануға; әдіскер-ғалымдардың анықтамаларын, идеяларын талдауға; әдептілік 
талаптарына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; өз пікірін айта білуге, оның ішінде басқа да пікірлермен 
келісе білу, қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға; 
жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға 
мүмкіндік» беретіне тоқталады[3]. 
К.Б.Байтемирова қарым-қатынс адамның психикасына, мінез-құлқының қалыптасуы мен дамуына 
әсер ететінін айта келіп, «қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қассиеттерін аша алады. 
Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі де тұлға болып қалыптаса алады» 
деп түйіндейді. Егер адам басқа адамдармен тілдесімге түспесе, ол жартылай жануар болып қалуы 
ықтимал деген пікір білдіреді [4, 177]. 


231 
Ғалым-әдіскер педагогикалық тілдесімнің оқу-тәрбие процесінде айрықша рөл атқаратынын, оның 
оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды екенін айтады. Ғалымдардың көпшілігі 
педагогикалық тілдесімнің көп сатылы үдеріс болып табылатынын мысалдар арқылы дәйектейді. 
Педагогикалық тілдесім білім алу мен беруде маңызға ие. Өйткені ол тек қарым-қатынасты іске асырып 
қана қоймайды, сонымен бірге білім алушыны дамытады, оның білім, білік, дағдысын жетілдіруге ықпал 
етеді. Тіпті оның ата-анасымен де ынтымақтастық байланыс атқаруда айрықша рөлге ие болады. 
Сондықтан болашақ маманның педагогикалық тілдесім мәдениетін жетілдіру, оның білім беру жүйесінде 
маңызды құрал болып табылатынын зерделеу оңай жұмыс емес.
Педагогикалық тілдесімді кейбір зерттеушілер тек мұғалім мен оқушы арасында ғана болатын қарым-
қатынас деп қарастырса, көпшілігі оның тек оқу үдерісінде ғана емес, күнделікті ортада маңызды екенін 
айтады. Себебі білім алушының жеке тұлға болып қалыптасуы, оның басқа адамдармен кез келген ортада, 
кез келген жағдайда тілдесімге түсе алуы оған күнделікті сабақ беретін мұғалімнің педагогикалық 
тілдесім мәдениетіне тәуелді. Сондықтан педагогикалық тілдесім «мұғалім ‒ оқушы» қарым-қатынасында 
ғана іске асырылмайды, жоғарыда сөз болғандай «мұғалім ‒ ата-ана», «мұғалім ‒ мұғалім», «мұғалім ‒ 
басшы» және т.б. формаларда жүзеге асырылып, тек ақпарат берумен шектелмей, білім, білік, дағдыны да 
игертуге ықпал етеді. Педагогикалық тілдесім оқу-тәрбие үдерісінің негізін құрап, түрлі жағдаяттарда 
құрал ретінде қолданылады. Өйткені қазіргі жаһандану заманында адамдардың бір-бірімен тікелей 
тілдесімге түсуі қоғамдық мәселеге айналып отыр. Болашақ педагог мамандардың педагогикалық 
тілдесім мәдениетін қарастырған ғалымдардың барлығы да осы мәселені айналып өте алмайды. Білім 
алушыны қазіргі заман талап етіп отырған тұлға ретінде тәрбиелеу үшін оған білім беретін мұғалімнің 
педагогикалық тілдесім мәдениетін дамыту қажет деген ұстанымды осы мәселені зерттеген, қарастырған 
ғалымдардың барлығы да ұстанған.
Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери өзінің «Земля людей» атты романында «әлемдегі ең 
керемет сән-салтанат адамдар арасындағы тілдесім» деп, адамдар арасындағы қарым-қатынасты атаған. 
Зерттеушілердің тұжырымынша, жазушы айтқандай бұл бір жағынан − «сән-салтанат», ал екінші 
жағынан − кәсіби қажеттілік. Өйткені, тілдесімсіз мүмкін болмайтын адам қызметтерінің түрлері бар. Дәл 
осындай қызмет түрі – педагогикалық қызмет болып табылады. Психологтардың пікірі бойынша, 
педагогикалық жұмыстың құрылымы 200-ден астам құрауыштардан тұрады. Бірақ, оның ең күрделі 
аспектілерінің бірі – мұғалімнің баламен тірідей және тікелей тілдесім жасауы, сондықтан педагогикалық 
жұмыстың басты бағыты – тұлғаның жеке тұлғаға әсер етуі болып табылады.
Болашақ мұғалімнің педагогикалық тілдесімінің қалыптасу үдерісін ғалымдар баланың ішкі және 
шығармашылық күшін босату құралы ретінде зерделейді. Ғалымдардың пікірінше, оқу үдерісінде жаңа 
технологиялар ойластырылған, жүйелі түрде ұйымдастырылған педагогикалық тілдесім әрекеті арқылы 
ғана тиімді қолданылады. Ғалым А.А.Бодалев педагогикалық тілдесім тәрбиеленушінің барлық өмірлік 
жағдаяттарында (үйде, мектепте, мектептен тыс жерлерде) гуманистік ұстаным негізінде жүзеге асырылу 
қажеттігін; білім алушыны жоғары құндылыққа тәрбиелеуде пайдалану керектігін; психология-
педагогикалық білім, білік, дағдыны меңгерте отырып, тілдесімде басқа адамдарды тануға мүмкіндік 
беретінін айтады [5].
Педагогикалық тілдесімнің тиімді болуы мұғалімнің кәсіби-педагогикалық даярлығына тікелей 
байланысты. Атап айтқанда, мұғалімде біріншіден, педагогикалық тілдесім туралы білімі; екіншіден
тілдесімді ұйымдастырып және басқара алу қабілеті; үшіншіден, оқушымен жағымды қарым-қатынас 
жасай алу іскерлігі; төртіншіден, педагогке тән тұлғалық-адамгершілік қасиеті; бесіншіден, мұғалімге 
қажетті сезу қабілеті мен сөйлеу мәдениеті; алтыншыдан, өзін-өзі тану мен бағалай алу қабілеті болуы 
шарт.
Сонда ғана педагогикалық тілдесім жоғары деңгейде болады. Зерттеушілер педагогикалық 
тілдесімнің қызметін түрліше жіктеп көрсетеді. Дәстүрлі түрде педагогикалық тілдесімнің бір-бірімен 
байланысты үш түрлі қызметі бар: коммуникатвтік (ақпарат алмасу); перцептивтік (адамдардың бірін-бірі 
танып, білуі) және тілдесімді іске асырудағы адамдардың бірлесіп әрекетке түсуі, яғни интерактивтік 
қызмет.
Педагогикалық тілдесімнің коммуникативтік қызметі мұғалімнің бүкіл кәсіби даярлығының 
көрсеткішін танытады. Ақпарат алмасу ‒ мұғалім үшін өте күрделі мәселе. Бұл, әсіресе, жас мұғалімдер 


232 
үшін қиындық тудырады. Ақпарат алмасудың нәтижесі бірнеше жағдайға тәуелді: 1) ақпарат беру мен 
оны білім алушының қабылдауында жағымды мотивация тудыруды қамтамасыз ету. Ол үшін мұғалім 
сабақ үрдісінде ақпаратты білім алушы дұрыс түсініп, қабылдауы үшін түрлі ұтымды әдістерді қолдана 
алуы қажет (қызықты фактілер мен дәлелдер келтіру, тарихи оқиғалармен байланыстыру, бейне сабақ 
қолдану, тұсаукесер дайындау және т.б.); 2) ақпарат алмасу мен беруде білім алушының жас ерекшелігін 
ескеру. Өйткені оған берілетін ақпарат түсінікті және қабылдауына жеңіл, әрі қызықты болуы шарт; 3) 
Педагогикалық тілдесімге жайлы атмосфера тудыру. Ол үшін мұғалім соған қажетті ортаны, айналадағы 
жағдайды ескеруі тиіс; 4) ақпартты жеткізуде сөз саптау, сөз тазалығы, сөз дәлдігі және т.б. талаптарды 
сақтауы керек. 
Педагогикалық тілдесімнің перцептивтік қызметі мұғалімнің өзінің білім алушыларын қаншалықты 
дәрежеде жақсы білетіндігімен сабақтас. Перцептивтік қызметті жүзеге асыру оңай емес. Өйткені мұғалім 
педагогикалық тілдесімде өзінің жанындағы адамның яғни оқушының көңіл-күйін, сезімін, нені қажет 
ететінін сезініп, білуі шарт. Ол мұғалімнен үлкен психологиялық даярлықты қажет етеді. Оқушының 
психологиясын игеру, оған берілетін білімнің жадында сақталуын қамтамасыз ету мұғалімнен үлкен 
ізденісті талап етеді. Бұл үдерістің қиындығы ‒ білім алушы үнемі дамып отыратын тұлға. Сондықтан әр 
уақытта оның қызығушылығы мен талабынан шыға алу оңай жұмыс емес. Білім алушының 
психологиясымен қоса, оған тән құндылықтарды біліп, оны қызықтыра алу үшін мұғалім тұлға туралы 
білімді жан-жақты игеруі тиіс. Сондықтан да адамдармен жақсы тіл табыса алатын педагогтарды өз ісінің 
шебері деп атайды. Тұлғаны жақсы түсіне білу педагогикалық эмпатия ұғымымен байланысты. 
Психологтар педагогикалық эмпатия мұғалімнің өзін білім алушының орнына қойып, оны түсіне алуы, ол 
уайымдаса, сонымен бірге уайымдай білуімен сабақтастырады. Олардың пікірінше, бұл жағдай мұғалім 
өзін өзі бағалап, өзіне сын көзбен қарап, ең бірінші өзін түсіне алғанда ғана іске асады. Егер мұғалімде 
бұл қасиеттер болмаса, кері байланыс жүзеге аспайды. Яғни мұғалім өзін танығанда ғана басқаларды тани 
алады. Мұғалім мен білім алушының бірін-бірі түсінуі, өзара тығыз байланыста болуы, бір-бірін бағалай 
алуы, көңіл-күйлерін түсінуі педагогикалық тілдесімнің ешқандай кикілжіңсіз, жайлы жағдайда жүзеге 
асуына көмектеседі.
Педагогикалық тілдесімнің интерактивті қызметі білім алушының іс-әрекетін дұрыс басқара 
алуынан көрінеді. Дұрыс жоспарланып, ұйымдастырылған педагогикалық тілдесім сабақ үрдісін тиімді 
өткізуге ықпал етеді. Мұғалім мен білім алушының өзара бірлесіп әрекет жасауы алға қойылған 
мақсаттың орындалуына әсер етеді. Өзара бірлескен әрекет кезінде түсіністік, ықпалдастық
қызығушылық бір арнаға тоғысып, тілдесімнің жоғары деңгейде болуына мүмкіндік тудырады.
 
Педагогикалық тілдесімнің жоғарыда сөз болған қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты. Олар 
бірін-бірі толықтырып отырады. Педагог білім алушыны ақпарат алмасу мен беруде, өзара әрекетті іске 
асыруда таниды. Өзара әрекет коммуникациясыз жүзеге аспайды. Ал түсінбеушілік болған кезде 
коммуникация сәтті болмайды. Олай болса, тілдесімнің бұл үш қызметі бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет