Омыртқалардың шығуы. Шығулар көбінесе омыртқа бағанасының мойын бөлімінде кездеседі. Шығулардың келесі түрлері кездеседі: алдыңғы, екі жаққа, алдыңғы оң жаққа, алдыңғы сол жаққа, артқы, екі жаққа, артқы оң жаққа, артқы сол жаққа.
Клиникалық белгілер. Алдыңғы екі жағына шығуда бас алдына шығынқырағандай және біраз төмен түседі. Алдына оңға шығуында солға айналады, алдына солға-оңға артқа, артқа екі жаққа шығуда бас біраз шалқаяды, артқа-оңға айналады, алдына-солға айналады. Омыртқа бағанасы мойын бөлімінің шығуларының барлық түрлерінде бастың белсенді қозғалулары жоғалады. Буыннан тайған аймақта ауырсыну сезімі байқалады.
БМК. (Жоғарыдан қара) + Шанс жағасын немесе жақтау салу.
Дагностика. Омыртқа бағанының ренгенографиясы, КТ.
Емі. Бас жағы көтерілген қалқанға жатқызып Глиссон ілмегімен тарттыру, немесе хирургиялық операция.
Омыртқалар өсінділері және иіндерінің сынулары. Көбінесе тұра соққыдан болады. Көптеген жағдайда көлденең өсінділері сынады.
Клиникалық белгілері. Локалды ауырсыну сезімі, сынық маңайында қарама –қарсы жағына бүгілу қиындайды. Жота өсіндісі сынғанда – жергілікті ауырсыну сезімі және қанды ісік (гематома) пайда болады. сүйек сықыры мен патологиялық қозғалыс байқалады. Доғалар сынғанда қатты жергілікті ауырсыну сезімі байқалады.
БМК. Ауырсыну сезімін басу, Шанс жағасын қолдану.
Диагностика. Омыртқа бағанының ренгенографиясы, КТ.
Емі. Қалқан салынған керуетке төсек режимі 2-3 апта. Емдік дене шынықтыру.
Омыртқа бағанасының асқынған сынулары. Омыртқа бағанасының сынықтарында жұлын, оның қабығы және түбірлерінің жарақаттары көбірек кездеседі.
Клиникалық белгілері. Эпидуральді, субдуральді және суб арахноидальді гематомалар, гематомиелия (Жұлы, ми ішіне қан ағу), бірлі жарым немесе толық қозғалыс, сезу, зәр шығару, үлкен дәрет шығару қызметі бұзылады, аяқ-қол ісініп, салдану байқалады, ойылу пайда болады.
БМК. Жоғарыдан қара.