Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі
тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда
орнықты болады:
- аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және
тәуекелге негізделген;
- құқықтық негізінде: міндетті, бастамашыл инициативтік;
- қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік,
маркетингтік;
- толықтығы: кешенді,
тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық,
арнайы;
- жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын;
- аудит жүргізілетін субъектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік;
- тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық,
қаржылық есептеме аудиті және талапқа сәйкестік аудиті.
Әдістемелік нұсқау
Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару
және келесі сұрақтарға
жауап беру керек:
1. Қаржылық бақылаудың тәуелсіз формалары пайда болуының алғы шарттары
қандай?
2. Кәсіби аудиттің қажеттілігі, мәні және міндеті неде?
3. Аудиторлық қызмет туралы әдебиеттерде келтірілген арнайы терминдердің
глоссарийін зерделеңдер.
Әдебиет
Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.–6-40 б.
Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 29-41 б.
Тақырып 2 Аудиторлық қызмет және оны нормативтік-құқықтық реттеу
Аудиттіқ өызметтерді жүзеге асырумен байланысты
құқықтық және этикалық
нормалардың өзара қарым-қатынасын мемелекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық
бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің
мемелекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының
негізгі элементтеріне кіретіндер:
-
ҚР Конституциясы;
-
ҚР Азаматтық Кодексі;
-
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы;
-
ҚР Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңы;
-
ҚР қылмыстық кодексі;
-
ҚР салық кодексі;
-
ҚР бюджет кодексі;
-
ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі және т.б.
Жоғарында аталған заңды құжаттарда аудиторлық
қызметке тікелей қатысы бар
маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде
дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданысиағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде
толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын
ескеріп отыру керек.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық
негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүлікктік мүдделерін
қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер
Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін елеміздің қазіргі заңы мен басқа
да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге
асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісімшарттар
мен келісімдердің ережелері
қолданылады.
Қарастырылып отырған нормативті-құқықтық актіде аудиттің сыйымды
анықтамасы берілген, оны өткізу және клиентке басқа да аудиторлық
және кеңес беру
қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз
аудиторлардың функциялары мен міндеттері, тараптардың құқықтыры, міндеттері және
жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен
қызмет салаларына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілерге қатысты
республикамыздың барлық территориясында қолданылады. Онда келісімшарт негіздеріне
қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аудитордың өз
клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық тәуелсіздігі жеткілікті дәрежеде
ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге аудиторларды қалауына
қарай еркін таңдауына
құқық берілген. Ол, сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметтерді тексеру үшін
шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға
ұсынылатын мәліметтер мен құжаттамалардың анықтығы және шынайылығына
тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: