Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы


Тақырып 11 Өндіріс кезеңінің аудиті



бет10/15
Дата21.01.2024
өлшемі229 Kb.
#489522
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
лекциялар

Тақырып 11 Өндіріс кезеңінің аудиті


Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелдіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері.
Тауар-материалды қорлар ревизиясының негізгі мақсаты – олардың есеп жүргізуінің дұрыстығын анықтау, сақтау орындарында қорладың қозғалысы мен бар-жоғы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету, тұтынудың бекітілген нормаларын сақтау, іске жұмылдыру мақсатымен шаруашылық субъектке қажетсіз материалдық қорларды анықтау және сату.
Тауар-материалды қорлардың аудитін жүргізудің процедуралары:

  • бас кітаптың мәліметтерімен баланс көрсеткіштері;

  • синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізудің дұрыстығы;

  • ТМҚ болуы және сақталуы;

  • инвентаризацияның уақытылы және дұрыс жүргізілуі;

  • қойма есебін тексеру, ТМҚ қозғалысы бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы;

  • кіріс материалдарының толықтыы мен уақыттылығы және олардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі;

  • дайын өнім өндіруге өндірістік қорларды жіберу бойынша операциялардың негізделгендігін тексеру, сонымен қатар бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі;

  • ТМҚ бағалау әдісін анықтау;

  • шаруашылық субъектердің материалдық құндылықтарын сату мен қайта өңдеуге тапсырумен байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік жазбаларды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру;

  • бұзылуы мен бағаның төмендеуіне байланысты тауар-материалды құндылықтарды шығынға жазу бойынша әкімшілік шешімдері мен басқа құжаттарды зерттеу.

ТМҚ есептік мәліметтерге сәйкестігін тексеру кезінде түгендеу жылдарының әліметтерін зерттеу, тегіс түгендеуді қажет ететін (әдетте дефицит және қымбат тұратын ТМҚ) материал топтарын таңдау қажет. Сонымен қатар қойма мекемелерінің жағдайлары мен оларды дұрыс пайдалану, өлшеу құрылғылары, өрт және күзет дабыл қағыштарының
бар-жоғы, сақтау және жіберу ережелерін қадағалау, материалды емес материалдардың бар-жоғы тексеріске жатады.
Күзетті дұрыс ұйымдастыру ТМҚ сақтауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Оның жұмысының тиімділігін материалдық құндылықтарды енгізу мен шығаруды ішкі бақылауды кенеттен тексеру арқылы тексеруге болады. Жиі әр түрлі бұзушылықтар кездеседі, мыслы, материалдарды рұқсаттар бойынша екі рет шығару, ТМҚ-ны құқықтары жоқ тұлғалармен қол қойылған рұқсаттар бойынша шығару. Сондықтар рұқсаттың мәліметтері әкелінетін материалдардың мөлшер, ассортимент, сапа және баға фактілері счет фактура, үстеме жарлық және басқа қосымша құжаттардың мәліметтерімен салыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет