Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы



бет1/15
Дата21.01.2024
өлшемі229 Kb.
#489522
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
лекциялар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/05

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Есеп және аудит кафедрасы

Аудит негіздері пәні бойынша


050509 Қаржы мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерделеу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы
Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.1/05
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор



Н.Э. Пфейфер
« » 20 ж
Құрастырушы: аға оқытушы Жакупова Д.Е.
Есеп және аудит кафедрасы Аудит негіздері пәнінен
050509 Қаржы мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерделеу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

20 ж. « » кафедра мәжілісінде ұсынылған


хаттама
Кафедра меңгерушісі Р.И. Смагулова ОӘК төраймы Л.А. Сидорова
хаттама 20 ж. « » қаржы – экономика факультетінің оқу- әдістемелік кеңесімен мақұлданған


ЖжӘҚБ МАҚҰЛДАНҒАН


ЖжӘҚБ бастығы А.А. Варакута 20 ж. « »

хаттама 20 ж. « » университетінің оқу - әдістемелік кеңесімен мақұлданған


Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы


Аудиттің пайда болуы
Аудит термин осыдан екі мың жыл бұрын «аудио» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе « естуші» дегенді білдіреді.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клинттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз растауы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет.
Бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырды:

  • ақпарат жасаушылардың және пайдаланушылардың мүдделерінің қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың объективті болмауына әкеп соқтыруы мүмкін;

  • объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;

  • алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе тексеру үшін фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;

  • компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқжат.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет