Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы



бет9/15
Дата21.01.2024
өлшемі229 Kb.
#489522
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
лекциялар

Әдістемелік нұсқау


Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Міндеттеме хат

  2. Аудиттің жалпы жоспарын дайындау.

Әдебиет


Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 89-94 б. Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 212-218 б.


Тақырып 9 Аудиторлық қорытынды: жасау және тапсыру тәртібі


Аудитор анықталған кемшіліктер, алдау фактілері мен жіберілген қателіктер туралы кәсіпорын басшысына хабарлап, шындыққа жанаспайтын ақпаратты түзеу бойынша ұсыныстар беруі керек.
Қорытынды кезеңде аудиторлардан мыналар талап етіледі:

  • аудиторлық файл түрінде жұмыс құжаттамаларын ресімдеуді аяқтай;

  • тексерілген ұйымның басшысына аудиттің нәтижелері туралы жазбаша ақпарат дайындау;

  • тексерілген объектілер туралы өз пікірін негіздеу және қалыптастыру;

  • аудиторлық есеп беруді белгіленген форма бойынша дайындау;

  • анықталған ауытқулар мен ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді, оларды болдырмаудың мүмкін жолдарын, аудит объектілерінің жұмыс істеу тиімділіктерін арттыру және оңтайландыру туралы клиентті хабардар ету.

Әдістемелік нұсқау


Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Қаржылық есепті тапсырғаннан кейінгі уақиғаларға шолу жасау.

  2. Арнайы тағайындалған аудиторлық қорытынды.

Әдебиет


Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 169-184 б. Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 233-250 б.


Тақырып 10 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері


Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар. Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.
Құрылтай және есептік-қаржы құжаттарын тексерудің мақсаты – қолданыстағы заңнамаға тексерістегі объекттің құрылтай және есептік-қаржылық құжаттардың сәйкестігіне қатысты ой қалыптастыру, оның жарғылық капиталдың қалыптасуының дұрыстығы.
Тексеріс үшін ақпарат көздері: кәсіпорынның жарғысы, құрылтай құжаттар, мемлекеттік тіркеу және статистика органдарындағы, салық органдарындағы тіркеу жөніндегі куәліктер, құрылтайшылар (акционерлер) жиналысының хаттамалары, эмиссия проспектері, акционерлер реестрі, бұйрықтар, өкімдер, ішкі ережелер, лицензиялар, акцияларды қабылдау-беру акттері, акцияның төлем шотына енгізілген мүлікті бағалау акттері, есеп регистрлері, материалды емес активтер, жер учаскелеріне, жылжымайтын мүлік объектітеріне құқықтарын растайтын құжаттар, Бас кітап, бухгалтерлік есеп беру және т.б.
Құрылтай құжаттар аудитінің мақсатына жету мен кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыптасуы үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:

  • Кәсіпорынның заңды статусын, әрекет ету сферасын және қызмет ету құқығын анықтау;

  • Лицензиялауға жататын әрекет түрлері бойынша лицензияның бар-жоғын анықтау;

  • Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібін тексеру және оның құрылымын зерттеу.

Ревизорлар құрылтай құжаттармен таныса келе, оның құрылтайшылар құрамын және жарғылық капиталдағы олардың үлесін анықтайды. Сонымен қатар ревизор- аудиторлар кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, филиалдары мен өкілеттіліктерінің бар- жоғы; басқару шешімдерін қабылдау кезінде барлық деңгейдегі жетекшілердің өкілеттіктері; құрылуы жарғыда қарастырылған қор түрлері; пайданы бөлу тәртібі жөнінде; кәсіпорынды жою мен қайта ұйымдастыру туралы; мүлікпен келісім сомасы бойынша орындаушы дирекция үшін шектеуледің бар-жоғы жөнінде және т.б. түсінік алады.
Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

  1. Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты.

  2. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері.

  3. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар. Әдебиет

  1. Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 262-276 б.

  2. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 151-170б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет