Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы


Аудиттің мәні, мақсаты және функциялары



бет2/15
Дата21.01.2024
өлшемі229 Kb.
#489522
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
лекциялар

Аудиттің мәні, мақсаты және функциялары.


Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».
ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».
Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істейметін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілірдің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерімен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшклеп мыналарды бөліп көрсету керек:

  • кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;

  • шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;

  • кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;

  • кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;

  • заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шыныйы мазмұнына шаруашылық операциялардың қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;

  • кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;

  • клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық және сараптамалық, талдамалық, кеңес берушілік және өндірістік функциялары бар.
Бақылаушылық және сараптамалық функциясы – қаржылық есепті тексеру мен бағалау.
Талдамалық функциясы – талдау, реттеу, болжау, үйлестіру, әр түрлі көрсеткіштерді есептеу, ұсынысты жасау.
Кеңес берушілік функциясы – есеп, менеджмент, салық салу, маркетинг, құқық, қаржы және тағы басқа сұрақтарға жауап беру.
Өндірістік функциясы – есептің қойылуы, персоналды оқыту, салық декларацияны және есеп берулерді жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет