Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы



бет4/15
Дата21.01.2024
өлшемі229 Kb.
#489522
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
лекциялар

Әдістемелік нұсқау


Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Қандай нормативті-құқықтық актіде аудитордың құқығы мен міндеттері толығырақ айтылған?

  2. Қандай факторлар аудитордың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді?

  3. Аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың тәжірибелік қызметінің нормативті актілерінде кездесетін сәйкессіздіктерді анықтандар.

Әдебиет


Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 47-78 б. Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 61-64 б.
ҚР «Аудиторлық қызмет тұралы» заң.


Тақырып 3 Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы


Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұлұға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижлерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.
Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тәжіребелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.
Аудиторлық стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.
Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.
Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:

  • даярлығы;

  • құзыреттілігі;

  • тәуелсіздігі;

  • ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.
Олардың құрамына кіретіндер:

  • аудиторлық тексеруге дайындалу;

  • қадағалауды жүзеге асыру;

  • анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау;

  • ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасы мен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.
Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп және кәсіби әдеп.
әдеп термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық тандау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешүші элемент бар:

  • шешімді таңдау проблемасы;

  • жаман мен жақсы туралы түсінік;

  • әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе қәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің және т.б кәсіби кодекстері бар.
Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім қабылдауда басшылық жасау жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.
1988 жылы АІСРА мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

  1. Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдық сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.

  2. Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.

  3. Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы қажет.

  4. Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.

  5. Тиісті. Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

  6. Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түоін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек.

Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаьарды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:
Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген
сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болимау керек.
Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дауөжанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмалауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептілік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.
Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін қажетті екжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.
Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек.
Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет