Тақырып 2 – Өсімдік клеткаларын in vitro жағдайында өсіру әдістері


Өсімдік мүшесінің кесіндісі, яғни эксплант(эксплантат)



бет3/9
Дата19.12.2023
өлшемі35.42 Kb.
#487071
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тақырып 2

Өсімдік мүшесінің кесіндісі, яғни эксплант(эксплантат), лайықты қоректік ортаға отырғызылады.Біраз уақыт өткен соң, оның құрамындағы клеткалар бөлініп, өсе бастайды.Соның нәтижесінде каллус ұлпасы пайда болады.Бұл процесті каллусогенез деп атайды.Соңғы кезе эксплантат деген терминнің орнына эксплантдеген ағылшын сөзі қолданылады.In vitro жағдайында маманданған(дифференцияланған), бөліну қабілеті тежелген клеткалар қайтадан бөліне бастайды, яғни меристемалық күйіне оралады. Мамандығы белгіленген дифференцияланған клеткаларда пролиферация(бөліну арқылы көбею) қабілетінің қайта пайда болуы дедифференциялану процесі деп аталады.Ал дедифференциялану деген даму процессіне біртекті меристемалық клеткалардан морфологиялық құрылымы және атқаратын қызметі (функциясы) әр түрлі маманданған клеткалардың түзілуі. Мысалы, дифференциялану нәтижесінде меристемадан пайда болған маманданған клеткалар(мезофилл, эпидермис, т.с.с.) сол меристемаға да және де өзара бір-біріне мүлде ұқсамай кетеді.Қайталап айтсақ, дедифференциялану процесі арқылы маманданған клетка бөліну күйіне қайта оралады да меристема тәрізді каллус клеткаларына айналады.Бұл клеткалар көбінесе жұқа қабықты болып, паренхималық клеткаларға ұқсайды.
Бірақ каллус ұлпаларының бәрі бідей, біркелкі болады деп түсіну қателік.Каллустар морфологиялық белгілері(тығыздығы, түктенуі, түсі) және өсу қарқындылығы мен көгеру қабілеті жағынан әр алуан болады.Каллустың түрі ақшыл, сарғыш, қоңыр, қызыл қоңыр болады.Сонымен қатар,оның құрамында хлорофилл немесе антоциан пигменттері болуы мүмкін.Шығу тегіне және өсіру жағдайына байланысты каллустар тұтас тығыз немесе сұйықтау және борпылдақ болып келеді.Борпылдақ каллустар бөлек кесектерге оңай ажырайды.
«Каллустың тегі»деген оның өсімдіктің қай түрінен, қайсы мүшесінен, ұлпасынан алынғаны, пайда болғаны, шыққаны туралы түсінік. Каллустардың бір-бірінен айырмашылығы өсімдіктің түріне және эксплант алынған кездегі физиологиялық күйіне байланысты. Оның үстіне, экспланттың өзі де бірталай ұлпалардан тұрады. Сөйтіп, экспланттың құрамында барлық клеткалар бірдей бөліне бастайды.Көбінесе каллус алғашқы немесе қайталама меристемадан пайда болады. Сондай-ақ, меристемаға немесе өткізгіш ұлпаларға жанасып жатқан паренхимадан да пайда болады.
Каллус түзілуі, сонымен қатар, экспланттың көлеміне де байланысты.Себебі, ірі эксплантта клеткалар өте көп және олар әр түрлі болады.Жас ұлпаларданкаллус тезірек түзіледі.Сондықтан каллусты алуға көбінесе өскіндедің ұлпалары мен мүшелерін пайдаланады.Каллустың түзілуі алынған экспланттың физиологиялық полярлығына да байланысты болады. Мысалы, эксплант ретінде алынған сабақ кесінділерінде каллус тезірек оның төмен, тамырға қараған базаль жағында түзіледі. Соны ескере отырып, бұндай эксплантты аударып, бас жағын қоректік ортаға кіргізіп отырғызады. Сонда қоректік ортаның бетінде экспланттың базаль жағы орналасады да каллустың пайда болуына жеңілдік туады.
Каллустарды Петри табақшаларында, пробиркаларда, колбаларда, флакондарда өсіреді. Үш-төрт апта өскен соң каллусты шығарып алып, майда кесектерге бөліп, жаңа қоректік ортаға кө-шіреді. Мұны пассаж деп атайды. Өйткені, ескі қоректік ортаның нәрі азаяды, каллустың ішкі жағындағы клеткалардың қоректенуі және ауамен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Каллусты көшіріп отырғызатын қоректік ортаның құрамы, жасалатын тәжірибенің мақсатына байланысты болады. Мысалы, каллусты сол қалпында өсіріп, көпке шейін сақтау керек болса, онда қоректік ортаның құрамы өзгертілмейді. Ал, егер де каллуста дифференциялану, морфогенез процестерін жүргізу мақсаты қойылса, онда қоректік ортаның құрамын күрделі өзгерту қажет болады.
Клеткалардың өзара әрекеттесуін, қарым-қатынас жасайтын-дығын еске алып, кейде каллусты өсіруге арнаулы тәсілдерді қолданады. Мысалы, «ұлпа-ене», «бағушы» деген тәсіл. Жақсы өсіп жатқан каллустың ықпал етуін екінші бір каллусты өсіру үшін пайдаланады. Ол үшін нашар өскен, немесе өсу қабілеті мүлдем төмен каллусты жақсы өсетін каллустың үстіне салады да, олардың екі арасына қоректік ортаға алдын ала малынып алынған сүзгіш қағазды қояды. Кейде бір ыдыстың ішінде әр түрлі өсімдіктердің клеткаларын қатар өсіреді. Анда-санда үлпаларды бір-біріне теледі. Сөйтіп, қарқынды өскен каллустан бөлініп шығатын активті әлдеқандай заттар басқа каллустың өсуіне жағымды ықпалын тигізеді.
Сонымен, барлық өсімдіктердің жасанды қоректік ортада өсі-рілетін клеткалары, көбінесе каллус клеткалары болып келеді. Жоғарыда сипатталған айла-әрекеттер өсімдіктің кез келген, қандай да болмасын тірі клеткасын ұзақ мерзім өсіруге мүмкіншілік береді. Каллус клеткаларында морфогенездің әр түрлі процестері өтуі мүмкін. Олардың сомалық эмбриогенез немесе органогенез жолдарымен даму қабілеті бар. Ол үшін қоректік ортаның құрамын өзгертіп, каллус ұлпасын белгілі бір даму жолына бұруға болады. Соның арқасында жеке-дара клеткадан бүтін регенерант өсімдік өндіріп шығаруға болады. Бұл регенерация процесі өсімдік клеткасының бірегей қасиетін - тотипотенттікті дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет