Тақырып 2 – Өсімдік клеткаларын in vitro жағдайында өсіру әдістері


Суспензиядағы клеткаларды өсіру әдістері



бет5/9
Дата19.12.2023
өлшемі35.42 Kb.
#487071
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тақырып 2

Суспензиядағы клеткаларды өсіру әдістері


Клеткаларды сұйық қоректік ортада өсірудің негізгі екі әдісі болады:
1) мерзімсіз өсіру;
2) үзіліссіз өсіру.
Бұлар әр түрлі әдістер болғаннымен, олардың түп мақсаты бір. Ол мақсат – клеткалар биомассасын неғұрлым көбейтіп, олар түзетін пайдалы заттарды соғұрлым мол өндіру. Ал бұл әдістердің айырмашылықтарына келер болсақ, олар қоректік ортаның сапасын және клеткалардың өсуін реттеуге байланысты. Енді осы әдістерге жеке-жеке тоқталайық.
Мерзімді өсіру деп бұл әдістің аталу себебі, суспензиядағы клеткаларды өсіру процесі белгілі бір уақыт ішінде жүргізіледі және де бұл кезде бастапқы құйылған қоректік орта жаңартылмай, өз нәрі сарқылғанша пайдаланылады. Ал, енді бұл мерзім қалай белгіленеді, соған келейік. Ол клеткалардың өсу заңдылықтарына байланысты. Бұл мәселе толығымен кейінірек баяндалады. Қазірше айта кететін өсіру циклі туралы мәлімет. Өсіру циклі — инокулюмды қоректік ортаға қосқаннан бастап, келесі жаңа ортаға ауыстырғанға дейінгі мерзім. Еске салсақ, инокулюм дегеніміз қарқынды өсу қабілеті бар суспензияның бөлініп алынған шағын көлемі. Инокулюмдағы клеткалар жаңа сұйық ортаға салынған соң, оның құрамында қоректік заттарды өз бойына сіңіріп, бөліну және созылу арқылы өсе бастайды. Біртіндеп олардың өсу қарқындылығы арта түседі. Соған байланысты қоректік ортаның нәрі азая береді. Сол себептен клеткалардың өсу қарқындылығы да белсендейді, тіпті тежеледі де. Осы кезде суспензияны өсіру процессін тоқтотып, клетка биомассасын жинақтап бөліп алуға болады. Осымен өсіру циклі аяқталады. Ал клеткаларды қайтадан өсіру үшін инокулюм жаңа қоректік ортаға көшіріледі де өсіру циклы тағы да басталады. Міне, осылай оқтын-оқтын қайталанып, белгілі бір уақыт бойы клеткалар суспензиясын өсіруді мерзімді өсіру дейміз. Бұл әдіс қорландырып өсіру деп те аталады. Бұл атау клеткалардың суспензияда өсуі нәтижесінде биомасса қоры жинақталуына байланысты берілген. Мерзімді не-месе қорландырып өсіру кезінде клеткалардың өсу қарқындылы-ғын және қоректік ортаның сапасын реттеу қиынға соғады. Сон-дықтан өндірістік жағдайда басқа әдіс - үзіліссіз өсіру әдісі кеңі-нен пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет