Турбидостат ережесімен үздіксіз өсіргенде клеткалардың өсу қарқындылығын бір деңгейде үстау, олардың суспензия-да оптикалык тығыздыгының реттелуі арқылы жүзеге асырылады. Бүл үшін онша тығыз емес және өсу қарқындылығы жоға-ры суспензиялар қолайлы келеді, яғни өсу процесінің бастапқы кезіндегі популяциялар. Турбидостатта фотоэлектр элементі бо-лады, ол суспензияның тығыздығың, яғни лайлануын бақылайды. Соның арқасында клеткалардың өсуі автоматтық жолмен беріле-тін жаңа қоректік ортамен реттеледі. Хемостат және турбидостат
ережесімен өсіру тәсілдері клеткалар популяциясын өсу күйінде тұрақтандыру үшін және оны ұзақ сақтау үшін қолданылады. Бұл өсіру әдістері клеткалардың өсуі мен метаболизміне әр түрлі факторлардың әсерін стандартық жағдайда зерттеу үшін өте құн-ды тәсілдер болып табылады.
Дәрісітің қысқаша мазмұны
Клеткаларды өсіруге арналған қоректік орталардың құрамы өте күрделі. Олардың қүрамына макро- және микроэлементер, көмірсу-лар, витаминдер, амин қышқылдары, фитогормондар кіреді. Клет-каларды нәтижелі өсіру үшін ең алдымен лайықты қоректік орта қажет. Клеткаларға әсер ететін сыртқы факторлар: температура, жарық, осмос қысымы, оттегі.
Каллус ұлпасы клеткалардың ретсіз бөлінуі арқасында пайда болады. Каллустың туындауы және әрмен қарай өсуі фитогормон-дармен реттеледі. Каллус ұлпасын 3-4 апта сайын жаңа қоректік ортаға көшіріп отырып, өте ұзақ уақыт өсіруге болады. Ал қоректік ортаның құрамын өзгертіп, морфогенездің нәтижесінде регене-рант өсімдікті алуға болады.
Клеткалар суспензиясы деген жеке клеткаларды немесе олар-дың кішігірім топтарын аэрациясы мен араластыруын қамтамасыз етіп сұйық ортада өсіру. Сұйық ортада өскен клеткалар агарлы қатты ортада өсірген клеткалармен салыстырғанда, қоректік зат-тармен және оттегімен жақсырақ қамтамасыз етіледі. Жеке клетка-ларды борпылдақ каллустан сұйық ортада шайқап шығарып алады. Клеткалардың суспензияда ең лайықты тығыздығы бір миллилитр-де 105-106 клетка шамасында болуы керек.
Клеткаларды сұйық ортада өсірудің екі әдісі бар: қорландырып (мерзімді) өсіру және ағынды ортада үзіліссіз өсіру. Өсімдік клеткала-рын сүйық ортада өсіргенде микроорганизмдерге арналған техноло-гия мен аппаратгар қолданылады. Клеткалар суспензиясын өсіру био-реакторда хемостат және турбидостат принцигггері арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |