Тақырып 2 – Өсімдік клеткаларын in vitro жағдайында өсіру әдістері



бет6/9
Дата19.12.2023
өлшемі35.42 Kb.
#487071
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тақырып 2

Үзіліссіз өсіру деп бұл әдістің аталу себебі, суспензиядағы клеткаларды өсіру процесі үздіксіз жүргізіледі және де қорек-тік орта ылғи жаңартылып тұрады. Бұл өте тиімді әдіс. Мол өнім алу бірнеше жолмен қамтамасыз етіледі: 1) клеткапардың кө-бі өсу процессінің экспоненциалды фазасында бола алады; 2) био-массаны өндіріске ыңғайлы қай кезде болса да суспензиядан бөліп алуға болады; 3) сұйық қоректік орта ағынды боп күйылып тұра-тындықтан, оның сапасы төмендемейді, нәрі сарқылмайды. Үзіліс-сіз өсірудің мынадай жүйелері бар: 1) ағынды жабық; 2) агын-ды ашық; 3) ағынды-ағынсыз.
Ағынды жабық жүйе. Клеткалық суспензияны өсіргенде сүйық қореістік орта ағынды боп құйылып, аумалы-төкпелі алмастырылып, жаңартылып тұрады. Сұйық ортаның жүйеге (биореакторға) кіріп құйылу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болу керек. Бүл перистальтикалық насостың қызметін ретгеу арқы-лы іске асырылады. Совда клеткалар суспензиясы өсірілетін жүйеде қоректік ортаның мөлшері де, сапасы да бір қалыпты болып сақтала-ды және де оның нәрі сарқылмайды. Сондықтан, клеткалардың өсуінің бәсендемей, тежелмей жүруіне қолайлы жағдай туады. Қо-ректік ортаның пайдаланылған бөлігі сыртқа сүзгіш түтік арқылы шығарылады. Сонда суспензиядағы клеткалар жүйенің ішівде жа-быңқы жағдайда қалып, өсуін жалғастыра береді. Ағынды жабық жүйе деп аталуы осы ерекшеліктерге байланысты.
Ағынды ашық жүйе. Суспензиядағы клеткаларды өсірудің жалпы принципі жоғарыда айтылғандай, бірақ күрделі ерекшелігі де бар. Егер ағынды жабық жүйеде сыртқа өсіп жатқан клеткалар емес, тек қана сүзгіштен өткен пайдаланылған қоректік ортаның біраз бөлігі шығарылып түрса, ағынды ашық жүйеде сыртқа клет-калар суспензиясының бөлігі шығарылады. Бұл тәсілде сүзгіш түтік қолданылмайды, сондықтан қоректік ортамен қоса клеткалар да төгіліп шығады. Бөлініп алынған клеткалардың мөлшері (саны немесе биомассасы) жүйе ішінде қалған клеткалардың өсу қарқы-нына сәйкес болу керек. Сыртқа шығарыльш альшған клеткалардың орнын жаңадан пайда болып өскен басқа клеткалар толтырады. Ағынды ашық жүйе деп аталудың себебі, клеткалар биомассасы еркін ағып шығып алына береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет