Тақырып 7 «ашық механикалық жарақаттар жаралар» ашық механикалық жарақаттар жаралар



бет10/10
Дата17.10.2023
өлшемі3.72 Mb.
#480923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
29bcf0f7-14f3-422c-a5bf-2ea684039361 (1)

Іріндеген жараны емдеу. Жараларды хирургиялық өндеу өз уақытында жасалынбаса немесе толық жүргізілмесе, онда жарада іріңдеу пайда болады. Оның клиникалық белгілері: жараның шеттерінің қызаруы, жергілікті және жалпы температураның жоғарлауы, науқастың әлсіреуі жара бар жердің қатты ауыруы мен сипатталады (гидратация кезеңі). Бұл жағдайларда жараны жақсылап дренажлау үшін шаралар жасау қажет.
Жараны екінші хирургиялық өңдеу. Бұл үшін, егер жара тігілген болса, олар алынады және жиналған ірің сыртқа шығарылады. Керекті жағдайда іріңнің шығуын жақсарту үшін қосымша қарсы жақтан тесу (контрапертура) жасалынады. Бұл кезеңде (гидратация кезеңі) үлкендігіне қарай резенке түтіктер, жолақшалар және жараның ішіндегілерді сорып алу үшін тұзды суға малынған дәкелер пайдаланылады. Антибиотиктерді, ферменттерді, антисептикалық дәрілерді жіберу жүргізіледі. Уланумен күресу, дененін қорғаушы иммунды биологиялық күштерін нығайту үшін көп мөлшерде сұйықтар жіберіледі, витаминдерге бай жоғары калориялық тағамдар бері-леді, қанды аз-аздан бөліп-бөліп құю жасалады. Өткір өзгерістер тоқтаған-нан кейін. майлы таңғыштар қолданылады, таңулар сирек жасалынады, физиотерапиялық шаралар беріледі (дегидратация кезеңі). Жараларды ем-деуде денені қозғалтпау үшін құрсаулар салынуы қажет.
ЖАРАЛАНҒАНДАРДЫ КҮТУДІҢ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ
Жарақаттанғандарды ойдағыдай емдеу көбінесе оларды күтуге байланысты болады. Негізгі қауіп жараға инфекцияның түсуі болып есептеледі. Көрпе-төсектерді және тері қабаттарын гигиеналық тазалықта ұстау инфекцияның екінші рет түсуінің алдын алу шарасы болып табылады. Таңғыштың құрғақ болуы және жараны қоршаушы орталықтан оңашалау қажет. Танғышқа зәрдің, үлкен дәреттің, резенке жылытқыштағы судың төгілуі жараның іріңдеуіне себепкер болуы мүмкін. Бұндай таңғышты дереу ауыстыру қажет. Операцияның түріне және таңғыштың операциядан кейінгі 2 күнгі жағдайына қарамастан ол қайта байланады. Қан сіңген салфеткалар алып тасталынады. Жараның шеттеріне 5 процент йод ерітіндісі жағылады және таза асептикалық таңба қойылады. Егер жара тігілмеген болса, онда терінің шетіне йод ерітіндісі жағылады, тампондар, қажет болса, дренаждар да алмастырылады және асептикалық таңғыш қойылады. Операциядан кейінгі кезеңде , ашық жарақаттануларда негізгі емдеу мәселесі жараның операциядан кейін іріңдеуіне жол бермеу болып табылады. Таңғыштар айтарлықтай былғанбаса , оларды жиі-жиі алмастырудың қажеті жоқ. Салфетканың үстіне залалсыздандырылған мақта салынып ол бинтпен бекітіледі. Іріңдеген жараларда таңу күн сайын жүргізіледі, ал науқастың жағдайы көтерсе жиі-жиі байланады. Емдеу гимнастикасын , тазалық режимді жүргізуге, жоғары калориялы тамапен тамақтандыруға үлкен мән беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет