Жыртылған жаралар жаншылған жараларға жақын болады. Бұл әдетте машиналардың және механизмдердің жүріп тұрған бөлектерінің (частями) әсерінен пайда болады. Айтарлықтай үлкен болады, шеттері жыртылған, инфекция жеңіл кіреді. Жазылулары әртүрлі асқынулармен көп уақытқа созылады.
Тістелінген жаралар адамның немесе айуандардың тістеуінен пайда бо-лады. Тері және оның астындағы тканьдер айтарлықтай жарақаттанады. Жараларда ылғи да инфекция болады. Көп асқынулар пайда болып тез жа-зылмайды.
Ату құралынан пайда болған жаралар — ату құралы мен жарақаттанудың нәтижесіне байланысты болады. Олар оқтан, бытырадан, снаряд сынығынан және т.б. пайда болады. Жарақаттаушы снарядқа, аралыққа (расстояние) т.б. байланысты, олар ор тұрді болады. Снаряд сынықтарынан пайда болған жаралар күрделі болады. Бұл жаралар тесіп өткен жаралар болуы мүмкін, бұнда жарақаттаушы зат денені тесіп өтеді және оның кіргендегі және шыққандағы тесіктері болады (кіргендегі тесік шыққандағы тесіктен кіші, тар болады) және бітеу жаралар болуы мүмкін, бұнда тек кірген тесігі болып, ал жарақаттаушы зат тканьдардың арасында қалып қояды.
Ату құралдарынан пайда болған жарада: 1) жара өзегі аймағы, бұл жерде өлі тканьдар, снаряд сынықтары, киім қиындылары және т.б. болады; 2) тканьдардың механикалық немесе температурадан жарақаттану салдарынан пайда болатын өлі еттік аймағы; 3) молекулярлық қозғалыс аймағына бөлінеді. Бұнда көзге көрінерлік өзгерістер байқалмайды, бірақ бұл жерде тканьдардың қарсы тұрушылығын бәсеңдетуші некробиологиялық өзгерістер кездеседі.
Уланған жаралар — уландырушы заттар (иприт, люизит т.б.) жараға түсуінен болады. Уландырушы зат жара тесігі арқылы денеге тез тарап, ауыр жағдайға жеткізеді. Емдеуі — жуу, уға қарсы дәрілерді қолдану, жараның бірінші хирургиялық өндеуі болып есептеледі.
Қуыстарға өтуіне өтпеуі бойынша: жаралар: 1) қуыстарға өтпеген жаралар, бұнда қоршау тосқауыл (барьер) жарақаттанбайды; 2) қуыстарға өткен жаралар, бұнда (іш қуысы, кеуде қуысы, жүрек үлпершегі, буынның сино-виаль қабығы) қоршау тосқауылдары (париетальдық брюшина, париеталь-дық плевра т.б.) жарақаттанады.
Барлық тосыннан болған жаралар, соның ішінде ату құралынан болған жаралар бірден инфекцияланған жаралар болып есептеледі. Ату құралынан болған жаралар тканъдарды көп жарақаттандырып, олардың жазылуына қолайсыз жағдайлар туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |