Тақырып 7 «ашық механикалық жарақаттар жаралар» ашық механикалық жарақаттар жаралар


АШЫҚ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАР - ЖАРАЛАР



бет6/10
Дата17.10.2023
өлшемі3.72 Mb.
#480923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
29bcf0f7-14f3-422c-a5bf-2ea684039361 (1)

АШЫҚ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАР - ЖАРАЛАР
Тереңірек жатқан тканьдердің бүтіндігінің бұзылу мүмкіншілігі мен қабаттарының немесе былжыр қабықтың механикалық жарақаттануын жара деп атайды.
ЖАРАЛАРДЫҢ ТОПТАЛУЫ
Жарақаттаушы заттың түрлеріне қарай жаралар төмендегіше бөлінеді.
Кесілген жаралар қандайда бір кесуші заттың (пышақтың, шынының, темірдің және т. б.) тканьдарға әсерін тигізу салдарынан пайда болады. Жара терісінің шеттері тегіс болады, тереңдегі тканьдер әдетте аз жарақаттанады, жара ашылып тұрады, қан ағады. Жазылуы басқа жараларға қарағанда едәуір жылдамырақ болады.
Сылынған жаралар — кесілген жаралардың бір түрі болып, бұнда тері және тері асты шелінің астыңғы тканьдардан сырылып кетуі. Бұндай жара жантайып тиген кесуші заттан пайда болған жарақат немесе терінің тері асты шел қабаты жұлынуы салдарынан пайда болады.
Шабылған жаралар өткір және ауыр затпенен (балта, қылыш т. б.) ұрылғанда пайда болады. Тері астындағы тканьдердің айтарлықтай жа-рақаттануы байқалады. Жазылуы көпке созылады.
Тесілген жаралар өткір тесуші заттардан (біз, шеге, найза және т. б.) пайда болады. Бұл жаралар терінің азырақ жарақаттануы және тереңде жатқан мүшелердің және тканьдардың (ірі қан тамырларының, өкпенің, жүректің, бауырдың және т. б.) айтарлықтай жарақаттануымен сипатталады. Сыртқа онша көп қан ақпайды, бірақ ол теренде жатқан тканьдарда айтарлықтай көп болуы мүмкін. Бұндай жаралар өте қауіпті. Емдеуде, ішкі мүшелердің жарақаттануларын анықтау мақсатында жара кең тексеруді талап етіледі.
Тесіліп-кесілген жаралар — тесілген және кесілген жаралардың құрас-тығы. Айтарлықтай сыртқы және ішкі қан ағу мен сипатталанады. Емдеу тәсілі тесілген жарадағы сияқты орындалады.
Жаншылған жаралар қандайда бір өтпейтұғын заттардың (таяқтың, тас-тың, т. б.) әсерінен пайда болады. Олар жұмсақ тканьдердің айтарлықтай езілуі және аз қан ағумен болады. Тканьдердің қатты езілуінен жараның шеттерінің жансыздануы байқалады. Инфекция жеңіл кіреді, іріңдеу пайда болады. Жараны хирургиялық өндеуде жансызданған тканьдерді толықал тастау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет