Тақырып 7 «ашық механикалық жарақаттар жаралар» ашық механикалық жарақаттар жаралар



бет4/10
Дата17.10.2023
өлшемі3.72 Mb.
#480923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
29bcf0f7-14f3-422c-a5bf-2ea684039361 (1)

ЖАРАЛАНУДАҒЫ БІРІНШІ КӨМЕК
Жаралануда бірнші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату (байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қоярдың алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі.
Жараға таңғышты қоярдың алдында дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен мақұл.
Таңғышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған дұрыс.
Қан ағуды уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясы тиісті тарауларда көрсетілген ережелер бойынша жүргізіледі. Науқасты емдеу мекемесіне алып бару керек.
Дәрігерге дейінгі көмекті мейіркеш немесе фельдшер көрсетеді. Егер бірінші көмек оқиға болған жерде дұрыс көрсетілген болса, оңда еш нәрсені кайтадан істеудің қажеті жоқ, науқасты арнаулы емдеу мекемесіне апару қажет. Жәрдем көрсетілмеген немесе дұрыс істелмеген жағдайда, жара бар жерді кең ашып; жараның шетіңдегі жүнді қыру және шеттеріне йод жағу, сырттан түскен денелерді алып тастау, жгутты қайталап салу және асептикалық таңғыш қойылуы қажет. Кейін науқасқа сіреспеге қарсы сары су жіберу, оны арнаулы емдеу мекемесіне жөнелту керек.
ЖАРАЛАРДЫ ЕМДЕУ
Жара бетін тазалау және бірден тігу жолы. Жара кішігірім болғанда (сырылу т.б.) немесе көрінерлік ластанбаған жағдайда, шеттері тегіс болып кесілген жарада және тереңде жатқан тканьдары және мүшелері жарақаттанбаған науқастарға жараның беті тазаланып бірден жіп салынады. Бұны бірден тігу деп атайды.
Жараның айналасындағы жүн қырылады, теріге спирт сүртіледі және йод ерітіндісі жағылады. Егер науқаста тек тері сыдырылған болса, онда асепти-калық таңғыш қойылады. Бұл жағдайларда бактерициттік қасиеті бар БФ-6 желімін қолданып және таңғыштын қойылмауы мүмкін.
Жараны алғашкы хирургиялық өндеу.
Жараны алғашкы хирургиялық өндеудің негізіне жаншылған жиектері және түбі сау тканьдарға дейін (1,5-2 см) кесіп алынып, жара асептикалық жараға айналады.
Алғашқы хирургиялық өндеу жараның орналасуына және жарақаттың ауырлығына байланысты, жергілікті немесе жалпы жансыздандыру шара-лары жүргізіледі. Жараны тазалау уақытында қан ағу біржолата тоқтатыла-ды. Шеттерін жақындату таін тері астына кетгут жіптерді және жібек жіптер теріге салынады. Жараның шетіне антибиотиктерді жіберуге болады. Жа-раларды алғашқы хирургиялық өндеу жарақаттанғаннан кейінгі бірінші сағаттарда істелінеді. Антибиотактерді асқазаннан, ішектен тыс қолдану, оны едәуір кеш уақыттарда (бір тәулікке дейін) істеуге мүмкіншілік бар. Жараның ішінде қалта пайда болғанда және инфекцияның өсіп-өну қаупі болса, онда жара түбіне резеңкелі түтік қойылады, шетін жақындата тігістер қойылады немесе жара кешірек тігіледі, жараға асептикалық салфетка салынады. ісіну құбылыстары жоқ болса. жараны тігу 3-5 тәуліктен кейін (бірінші кешіктірілген тігіс) салынады. Жараның іріңдеу жағдайларында, оны қабыну өзгерістері басылғаннан кейін тігуге болады. Осы уақытта жас тамырлар (грануляция) пайда болады. Олар кесіп алынады және жара тігіледі, бұны екінші кешіктірілген тігіс деп атайды.
Беттің, тілдің, қолдардың қан мен жақсы қамтамасыз етілуіне байланысты жараның шеттері аз ғана етіп кесіледі, жіппен тігіледі және керек болса қозғалтпау құрсаулары салынады. Жараға алғашкы хирургиялық өндеу жа-салғаннан кейін, ондағы жара жақсы жазылса 7-8тәулікте жіптері шешіліп алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет