2. Зерттеу тәсілдері.
Адам анатомиясының зерттеу тәсілдерін екі салаға бөледі. Оның бөлшектеу салаларын аналитикалық , ал адам мүшелерін тұтастай тексеретін саласын тәжірибелік (экспериментальді) әдістер деп атайды. Бірінші зерттеу тәсілін мәйіт материалында, екіншіәсін тірі адамға қолданады.
Тірі адам денесі құрылысының заңдылықтарын түсіну үшін анатомиялық зерттеу мәйітке жасалады.
Анатомияның ертеден келе жатқан негізгі зерттеу тәсілі
1) кесіп ашу немесе препараттау әдісі. Оны қарапайым құралдармен жүргізеді. Бұл әдіс мүшелер құрылысының орналасуымен, оның топографиясымен танысуға мүмкіндік беретін препараттар дайындауға жағдай жасайды.
2) Инъекция әдісі – қан мен лимфа тамырларының ішіне тез қататын бояулы зат құю арқылы зерттейді.
3) Мұздатылған мәйіттерді арамен кесу тәсілін енгізген Н.И.Пирогов. Адам денесі мүшелерінің қарым-қатынасын зерттейді.
4) Коррозия немесе ыдырату әдісі – құрылысы нәзік және күрделі құрылысты мүшелердің (өкпе, бауыр) құрылысын зерттейді. Осы мүшелердің тамырларына тез қататын заттарды құйып, қатқан соң, әр түрлі қышқыл ертінділерімен сыртқы жұмсақ ыдыратқаннан кейін , ішкі құрылысы мен пішіні анықталады.
5) Мацерация – борсыту, шіріту әдісі – сүйекті тазарту үшін қолданылады.
6) Ағарту әдісі – қаңқа сүйектерін арнайы сұйықтықпен ағартуға пайдалынады.
7) Бояу әдісі -зерттелетін кейбір құрылымдардың таңдап боялуы қабілеттілігіне негізделген ( мысалы нерв, бездердің).
8)Микроскопиялық әдіс – адам денесінің көзге көрінбейтін ұсақ құрылысын микроскоп көмегімен зерттейді.Әдісті енгізген В.П.Воробьев. Жұқа препаратты су тамшысының астында микроскоппен анықтау арқылы гистологиялық микропрепараттарды микроскоппен зерттеу (электрондық микроскопия, сканирлеуші электрондық микроскопия).
9) Фиксациялау (бальзамдау) әдіс тұтас денені, жеке мүшелерді бұзбай, ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. Бальзамдаушы агент ретінде медицинаға арналған полимерлер қолданылады.
Тірі адамды зерттеу:
1. Антропометрия әдісі адамның сырт пішінін, бойын, салмағын өлшеу және басқа көрсеткіштер арқылы адам денесінің қалай дамып келе жатқанын анықтайды.
2.Рентгенологиялық әдіс. Алғашқы енгізгендер П.Ф.Лесгафт және В.Н.Тонков.
-Рентгеноскопиялық әдіс – мүшелер бейнесін рентген сәулесі арқылы экраннан көру.
-Рентгенография – мүше бейнесі рентген сәулесі арқылы арнаулы пленкаға түсіру.
Рентгенологиялық зерттеудің ең жаңа әдістері мыналар:
-Электрорентгенография –жұмсақ тіндердің (терінің, сіңірлердің, шеміршектердің, паренхималық ағзалардың және т.б.) рентгендік кескіндерін алуға мүмкіндік бередіү Бұл кескіндер әдеттегі рентгенограммаларда айқындалмайды, өйткені рентген сәулелерін ұстамайды.
-Томография әдісінің көмегімен белгілі жазықтықта жатқан рентген сәулелерін ұстайтын кескіндерді алуға болады.
-Компьютерлік томография- көптеген томографиялық кескіндерден жинақталған кескінді теледидар экрандарында көруге мүмкіндік береді.
-Магнитно-резонансты томография(МРТ)
-Рентгеноденсиметрия –сүйектердегі минерал тұздардың мөлшерін организм тірі жағдайында анықтауға мүмкіндік береді.
3. Эндоскопия тәсілі-жарықтандыру техикасының көмегімен тірі адамның ішкі мүшелерін зерттейді.
4.Соматоскопия әдісі-адам денесін және оның мүшелерін көзбен (визуаьді) қарау. Клиникада бұл тәсілдің әр түрлері қолданылады: сипау әдісі-пальпация, қағу әдісі-перкуссия, тыңдау әдісі-аускультация.
5 .Эхолокация (ультрадыбыстық зерттеулер).
6. Ауторадиография әдісі (радиоактивті, изотоптармен) мүшелердің (тіс, қаңқа сүйектері т.б.) даму кезеңдері тексеріледі. т.б әдістер.
Сынама тәжірибе әдіс – қозғалу анатомияның әртүрлі сұрақтарына жауап беру үшін ағза мүшелерінің атқаратын қызметін зерттеуде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |